Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Пандемияда балмұздақ тұтыну деңгейі өскен

Қазіргі заманғы трендттер бойынша балмұздаққа таңдау жасалынады, ол тек мерекемен және жаңа жылдық көңіл-күймен байланыстырылып қана қоймай, сонымен қатар кремді торттар және тәтті пісірмелермен бәсекелеседі. Осы жылы балмұздақ өндірушілер қазақстандықтарды қуантып, кез келген талғамға сай өнімдердің кең таңдауын ұсынды.

«Шин-Лайн» компаниясы сарапшыларының бағалауы бойынша, Жаңа жылға еліміздің сауда желілеріне балмұздақтың 12,5 млн порциясы келіп түсті. Мамандар қазақстандықтардың суық десертке деген қажеттілігі желтоқсан айында байқалады деп болжайды. Аталмыш компания Қазақстандағы балмұздақтың ірі өндірушісі – желтоқсан айында 412 тонна балмұздақты жөнелтті, бұл шамамен 5 млн порцияны құрайды.

Сарапшылар өтіп бара жатқан жылдың дағдарыс кезеңінде балмұздақ тұтынудың төмендемегенін, керісінше өсу үстінде екендігін айтады. Балмұздақ тұтынудың ең көп өсімі Ақтау, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Алматы, Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалды.

Euromonitor компаниясының деректері бойынша 2020 жылдың 9 айында Қазақстанда балмұздақ пен мұздатылған десерттер бөлшек сауданың ағымдағы құнының 14%-ға және бөлшек сауда көлемінің 4%-ға өсуін көрсетіп, 99,2 млрд теңге мен 28 300 тоннаға жетті.

— Пандемия барлық адам үшін, соның ішінде бизнес үшін де сынаққа айналды. Бірақ кез-келген дағдарыс тек проблемалар ғана емес, сонымен қатар ол – жаңа мүмкіндіктер. Біз мұны түсінеміз, сондықтан нарықта өз позициямызды сақтап қана қоймай, өткен жылмен салыстырғанда нарық үлесін 5 пайызға ұлғайттық. Бүгін біз балмұздақтың 100-ден астам атауын шығарамыз. Осы жылы жаңа өнімдер іске қосылды – «Жүзім-інжір» жеміс лукумы Bahroma премиум сериясын толықтырды, ал «кәмпиттер сериясындағы» көпшілікке жақсы таныс және сүйіктісіне айналған «Лесная белочка», «Коровка», «Смак» балмұздақтарына КСРО уақытынан бері  белгілі лимонадтың жарқын дәмі бар «Ключик Буратино» жеміс мұзы қосылды. Жыл сайынғы жаңалықтар – бұл біздің дәстүріміз, біз қазірдің өзінде тұтынушыларға келер жылы ұсынатын ерекше дәмдер мен жаңа шешімдерді әзірлеу үстіндеміз, – деді «Шин-Лайн» компаниясының бас директоры Владимир Пак.

Күрделі 2020 жылы тұтынушылар негізінен ірі супермаркеттерде балмұздақ сатып алу трендін қалыптастырды және осы тренд күшейе түсуде – ірі желілер арқылы сатудың өсуі орта есеппен төрттен бірге өсті. Сатып алушыларды әртүрлі қаптамалардың кең сұрыпталымы, бөлшек сауда желілеріндегі брендтер мен дәмдердің көбеюі қызықтырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз