Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Пайғамбарлар да күнә жасаған ғой…”. Ақбота ағынан жарылам деп құпиясын айтып қойды

112

Айта кетейік, Ақботаның өзі үш рет күйеуге шыққан. Оның қазіргі күйеуімен арақатынасы туралы соңғы уақытта қоғамда алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Яғни, әнші бұл күйеуімен де ажырасыпты дейтіндер бар.

– Ақбота ханым, күйеуіңізбен ара қатынасыңыз жөнінде шындықты айтып беріңізші, жұрттың айтып жүргені рас па? Яғни шынымен ажырасып кеттіңіздер ме?

– Журналистер рейтинг үшін әншінің өмірімен ойнайды. Осы өсекті жазған адам ертеңгі күні өзінің өмірінде де мұндай жағдай кездеспейді деп ойлай ма екен? Отбасы болған соң түсінбеушіліктер болып тұрады.

https://kaz.365info.kz/yshinshi-ret-tyrmys-khyrgan-akhbota-kerimbekova-bal-ajyndagy-suretin-zhariyalady-257586

Тек күйеуімізбен ғана емес, кейде анамызбен, кейде баламызбен де ренжісіп қаламыз. 

Бүкіл интернет «Ақбота ажырасып кетіпті» деп шулап жатыр. Жеке өмірім мен өткен өмірімді қозғағым келмейді. Барлығы жұмбақ болып қалсын. Біреуді кінәлай алмаймын да. Қателеспейтін адам жоқ. Тіптен фильмдерде көрсетіліп жатыр ғой, пайғамбарлар да күнә жасаған. Олардың жанында біз кімбіз?

– Жақсы, жеке өміріңізге араласпайық. Бірақ, жалпы әншілер қауымы осы ажырасады да жатады. Артынша екінші, үшінші рет үйленулері де тез. Сонда өнер жұлдыздарының арасында отбасылық құндылық деген асыл қасиеттің қалмағаны ма? Мәселен, өзіңіз үш рет тұрмыс құрдыңыз, ана KeshYOU тобының қыздары үшін әйелдері мен балаларын тастап кеткен әншілерді де білеміз. Бұл бір-екі мысал ғана…

– Ажырасып жатқан әншілер ғана емес, қазір екінің бірі некесін сақтай алмайды.

https://kaz.365info.kz/zhl-m-nasynan-zh-regim-ajnidy-a-bota-kerimbekova-ms-sajlaubekti-synap-tastady-245169

Иә, мойындау керек, қазір отбасылық құндылықтың мәні жойылған. Отбасын асырайды деп сенген кейбір еркектеріміз жалқау, еңбек еткісі келмейді. 

Біз сахна адамы болған соң жеке өміріміз елдің аузында жүреді. Сондықтан көзге бірінші болып түсеміз. Ал, жалпы әншілердің ғана емес, тағдыры ауыр қарапайым адамдардың өмірін естігенде жағамды ұстаймын. Сондықтан, әншілерді кішкентай қателігі үшін жер қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

– Жарайды. Ал, осы әншілердің жиі ажырасуына не себеп? Бәлкім өнер жұлдыздары сүйген жарына адалдық таныта алмайтын шығар?

– Біз де барынша жақсы жар, жақсы әйел, жақсы әнші болуға тырысамыз. Бірақ сахна адамы болған соң отбасында түсініспеушіліктер, қызғаныш басым болып тұрады. Негізі өнер адамымен отбасын құрған екен, онда барынша оны түсіне білген жөн. 

Мен өзім адамдарды отбасына берілген және екі жақты бірдей, яғни отбасын да, қызметін де алып жүретін деп екіге бөліп қараймын. Тек күйеуі мен бала-шағасының жағдайын жасап отыратын әйелдер – отбасына берілгендер. Олар сол өмірін бақыт тұтады. Бұл типтегі әйелдерге басқа әлем қызық емес. Әркім бақытты өзінше бағалайды. 

https://kaz.365info.kz/ojbu-ysh-ret-tyrmys-khyrgan-akhbota-tagy-da-azhyrasyp-ketken-be-video-311327

Ал, бойына Алла өнер дарытқан адамдардың өмірі оңай бола бермейді. Мүмкін ер азаматтарға қиындығы онша біліне бермейтін шығар. Бірақ әйел заты үшін қызметімен бірге үйдегі күйеуінің де жағдайын жасап отыру оңай емес.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Анар Дәукен.

https://kaz.365info.kz/al-men-kyjeuge-tiip-aldym-akhbota-ozine-khatysty-shuly-videoga-tysinikteme-berdi-253556

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз