Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
3
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Пәтер әперемін деп алдайтын әйелдер ұсталды

2 мамыр күні 46 жастағы қала тұрғыны полицияға 2014 жылдың наурызында таныс әйелдің 2 млн. 300 мың теңге ақшасын алдап алып кеткендігі туралы шағым түсірген. Күдікті әйел оны “мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алуға қол ұшын беремін” деп сендірген.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында Сазды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері аталған қылмысты жасаған күдіктіні құрықтады. Ол 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында құрықталған әйел өз кінәсін мойындады. Бұған қоса, тергеушілер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігін дәлелдеді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ІІД ақпаратына қарағанда, Сазды полиция бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғынының арызы бойынша тағы бір 42 жастағы әйелді ұстады құрықтаған. Ол да алдап-арбау арқылы қала тұрғынының 2 млн. теңгеге жуық қаржысын қалтасына басқан. Тергеушілер оның  осы сипаттағы 4 қылмысқа қатысы бар екнін анықтап отыр.

«Олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Бұл фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеу тізіміне тіркелген», — дейді баспасөз қызметі таратқан ақпарат.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз