Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

„Өзімді төмен санаймын„. Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады

167

https://kaz.365info.kz/altynaj-koship-ketti-sabit-abdihalykhov-ajelimen-azhyrasty-degenderge-zhauap-berdi-255559

“Негізі, ажырасқаннан бері білмеймін, өзімді төмен санайтын болыппын, әсіресе, күйеуі бар келіншектермен отырғанда, күйеулерінен қатты ыңғайсызданамын. Бәрібір күйеулеріне ұнамайды ғой, келіншегінің ажырасқан әйелмен араласқаны”, – деп хэштегтерге ойын тізіп шықты әнші.

https://kaz.365info.kz/men-emes-altynaj-meni-tastap-ketti-sabit-abdikhalykhov-shydykhty-zhajyp-saldy-269230

Бұл хэштегтерді байқап қалған желі қолданушылары Жорабаеваға ана және әйел бақытын тілеп, еңсесін түсірмеуге шақырды.

“Төмен санама өзіңді, ешқашан. Алланың алдында бәріміз бірдей пендеміз. Алла кемітпесін. Төрт қызыңның жамандығын көрме”, “Алтынай, айналайын, олай мұңайма. Басыңды биік, жоғары ұста. Қыздарың аман болсын. Сені халқың жақсы көреді”, – дейді пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, Жорабаеваның продюсер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы елде сыбыс тараған болатын. Содан кейін, Сәбит Әбдіхалықов ажырасқанын растағанымен, Жорабаеваның өзі осы күнге дейін ажырасқаны туралы тіс жармай келген.

Бұл мақала ВК-дағы „Атамның басы-ай„ тобында қызу талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз