Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Өзі секіріп кетті…”. Әкім мен кәсіпкер төбелесіп, ақыры өліммен тынды

101

– Арада бір апта өткен соң інісін ренжіткен адамнан кек алу үшін әкім біздің үйге келді, -дейді қайтыс болған Жәмішевтің жұбайы.

“Жолдасым телефонын алмаған соң, әкімнің өзіне хабарластық. Ол Есілдеміз деді. Баржақсыны аудан орталығына алып кетіп, соққыға жыққан. Оны ұрғандары сонша, Баржақсының жанына барғанымда мені де танымай қалды. Бет-аузы көгеріп, басы ісіп кеткен. Біз оны дереу ауруханаға апардық. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Алайда, жолдасым есін жиған жоқ. 5 күн ес-түссіз жатып, 22-наурызда ауруханада көз жұмды”, – дейді Баржақсы Жәмішевтің әйелі Татьяна Жәмішева.

Полицейлерге берген түсінігінде білдей бір ауылдың әкімі болған Владимир Рогозный: «Жәмішев қатты мас болып, жүріп бара жатқан көліктен шығып кетпекші болды» деген. Осыған сүйенген полицейлер қылмыстық кодекстің 105-ші, яғни, «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алайда марқұмның туыстары мен ауылдастары мұнымен келіспей отыр.

Владимир Рогозный Курское ауылының әкімі болып өткен жылы тағайындалған. Ақмола облыстық әдептік кеңес отырысының шешімі бойынша ол аталмыш қызметінен босатылып, қылмыстық іс облыстық құзырлы органға жіберілді.

“ҚР ҚК- нің 105-бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан бөлек, Рогозный осыған дейін мас күйінде көлік тізгіндегені үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған”, – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Әсем Әбдірахманова.

Ал, Жәмішевпен кездескенде машинаның рөлінде өзі отырған. Сондықтан, күдіктінің ісі 346-шы бап бойынша да қаралып жатыр.

Владимир Рогозный ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген. Бірақ, оны іздеп барған түсірілім тобы үйінен таба алмады.

Владимир Рогозный, Есіл ауданы Курское аулының экс-әкімі:

– Мен ешқандай ақпарат таратпау туралы қолхат бердім. Сондықтан әзірге ешнәрсе айта алмаймын.

– Ол өзі секіріп кетті ме, әлде, қалай болды?

– Ия, шын мәнінде ол жүріп келе жатқан көліктен түсіп қалды.

Алайда, Жәмішевтің туыстары жағдайдың басқаша болғанына сенімді. Оның шын мәнінде неден көз жұмғаны қостанайлық тәуелсіз сарапшылар жүргізіп жатқан сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз