Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Өзгерген Өскемен

216
фото yk.kz сайтынан
Қаланың әсем келбеті үшін тың көзқарас, соны серпін белең алған. Небір архитектуралық композиция бой көтеріп, жаңа нысан орталықтың көркіне көрік қосып отыр. Мысал ретінде еліміздегі ең әдемі алты көшенің бірі – Өскемен Арбатын айтуға болады. Демалыс орны орналасқан Бейбітшілік көшесі екі саябақ –

«Жастар» және «Жамбыл» саябағы арасындағы символикалық көпір іспетті.

Ұзындығы 200 метрлік арбатта

  • жаңа шағын архитектуралық пішіндер,
  • жарықтандырылған екі құрғақ субұрқақ,
  • балаларға арналған ойын алаңдары,
  • сондай-ақ орындықтар, шатырлар мен верандалары бар әртүрлі демалыс аймақтары бар.

Әдемілігі сонша, көрген жанның көзін арбайды. Мұнда балалар мен жастар үшін танымдық және ойын-сауық іс-шаралары тұрақты түрде өтеді. Екі жылдан бері бұл жер келушілермен қатар, музыканттар мен суретшілердің, бишілердің сүйікті мекеніне айналған.

Ертіс жағасындағы спорттық-экологиялық «Самал» саябағының жөні тіптен бөлек.

Заманауи спорттық нысандар, үлкен тенниске, қысқы мұз айдыны, скейт паркке арналған алаңқай т.б дүние келушілердің көңілінен шыққан. Саябақ меңгерушісі Ботагөз Мейірханованың айтуынша,

қазіргі таңда бұл спорттық-мәдени бағыттағы еліміздегі жалғыз саябақ.

Яғни, мұнда спортпен шұғылдануға да, отбасымен демалуға да мүмкіндік жасалған. Аумағы 35 гектарлық саябақтың бүгінде 35 пайызы абаттандырылып үлгерген екен. Қазір футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар, ал қыста сырғанақ, коньки тебуге болады. Болашақта

велосипед жолағы, қайықпен серуендеу, байдарка, каноэмен ескек есуге арналған су арнасы

іске қосылады. Итпен серуендеушілерге де арнап жеке орын қарастырылып жатыр.

Ең бастысы, саябақтағы демалыстың – табиғат аясындағы демалыстан еш айырмашылығы жоқ, дәл сондай жағдай жасалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз