Өзбекстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек мигранттары агенттігі Ресейдің бірнеше аймағында өзінің өкілдіктерін ашады. Агенттік мәліметі бойынша, өкілдіктер Ресейде жұмыс істейтін өзбекстандық еңбек мигранттарына көмектеседі.
«Россия 24» телеарнасының хабарлауынша, Өзбекстанның еңбек мигранттарына орыс тілін, тарихын, мәдени дәстүрін және Ресейде жүріп-тұру ережелерін үйретеді.
Ресейде көші-қон өкілдіктерін ашуға жергілікті өзбек қауымдастықтары мен диаспорасы көмектеседі. Бұған қоса, Өзбекстанның еңбек министрлігі Ресейде жұмысқа тұрғандардың еңбек өтелімін ескеруге уәде берді.
Башқұртстан республикасында алғашқы өзбек көші-қон өкілділігі ашылады. Ресейде Өзбекстанның бар болғаны екі консулдығы жұмыс істейді. Олар Мәскеу мен Новосибирск қалаларында орналасқан.