Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Өзбекстандық фильм “Оскарға” ұсынылды

279

Бұл туралы “Өзбеккино” агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Картина “Ыстық нан” деп аталады.

Бұл сұрақ республикадағы “Оскар” комитетінің үйлестіруші орталығы болып табылатын Өзбекстанның Ұлттық кинокомиссиясы шеңберінде талқыланды.

“Талқылау нәтижесінде “Оскар” сыйлығына “Шетел тіліндегі үздік фильм” номинациясы бойынша Умид Хамдамовтың “Ыстық нан” толық метражды көркем фильмі ұсынылды”, – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, лента анасы жұмыс істейтін қалаға кетуді армандайтын кишлактағы жасөспірім қыз туралы әңгімелейді.

“Ыстық нан” фильмі қыркүйек айының басында Анапада 28-ші “Киношок” фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз