Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Өзбекстандағы жеңілдетілген несиелер көмекке мұқтаж адамдарды тұншықтыруда – БАҚ шолуы

528
Фото: Хабар 24

Көмектің орнына – миллиондаған қарыз

Өзбекстанда “темір дәптердегі” тізімге енгізілген отбасыларға ірі қара мал, қой, ешкі, қоян және тауық жеңілдетілген несие бойынша беріліп жатыр. “Темір дәптер” – карантин кезінде пайда болған жұмыссыз, аз қамтылған, мұқтаж отбасылардың тізімі. Бұл халықтың мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдау бағдарламасы.

Алайда, Озодлик хабарланғандай

кейбір облыстарда бұл бағдарлама бойынша малдарды нарықтық құнынан екі есе қымбатқа рәсімдеуде

Нәтижесінде кедей отбасылар одан сайын қарызға батып бара жатыр.

Наманган облысы Чуст ауданының 23 жастағы тұрғыны екі сиыр сатып алу үшін 31,6 миллион сом (3 мың АҚШ доллары) несие алғанын айтты. Бірақ базардан сондай малды 14 миллион сомға (шамамен 1350 АҚШ доллары) сатып ала алар еді.

– Базарда тіпті 7 миллион сомға да сатпайды. Банкте маған мал сатып алуға несиені нақты құнынан екі есе қымбатқа рәсімдеді. Оған қоса, үш жыл бойы несие бергені үшін 14 пайыздан төлеуім керек. Өте қажет болғандықтан, келісуге мәжбүр болдым, өйткені отбасым қиын жағдайда. Әкем 2011 жылы қайтыс болды, анама үш рет ота жасады, қазір мүгедек. Ата-анадан үш ағайындымыз және бәріміз жұмыссызбыз. Біздің отбасымызды “темір дәптерге” енгізді, сондықтан бізге осы екі мал берілді. Бірақ, нәтижесінде, мойнымызға 31 миллион 600 мың сом және 14 пайыздық жылдық төлем қосымша қарыз болып ілінді. Адамдар жағдайлары ауыр болғандықтан, ірі қара мал береміз десе, кез келген жағдайға келісуге дайын, – дейді Абдуллажон Мамадалиев.

“Үй жанындағы жобалар” нәтиже бермеді

Сол ауданның тағы бір тұрғыны осы несиеге сүйеніп, нарықтық құнынан екі есе қымбат он қой сатып алуға мәжбүр болған.

– Мен бұл қойларды сатып алғаныма екі күн болды. Әр қойды 2 миллион 800 мың сомға сатып алдым (шамамен 270 доллар). Мұндай қойлар базарда тіпті бір миллион да тұрмайды. Банкке барып едім, олар құжаттарға қол қоюым керектігін айтты, қағаздарға қолымды қойдым. Бірақ үйге келген кезде есептеп көрсем, 28 миллион үш жыл ішінде жылдық 14 пайыздық мөлшерлемемен есептегенде 40 миллионға шығады екен. Маған сонда арық он қой қала ма?, – дейді ашуланған ол.

Наурыз айында ауданда ондаған отбасы жеңілдетілген несие негізінде мал алған. Аудан әкімшілігінен малдардың неге нарықтағы бағадан қымбатқа сатылғанын сұрағанымызда, ешкім жауап бере алмады.

Осыған ұқсас хабарламалар осыған дейін де басқа облыстардан келіп жатқан болатын.

Шавкат Мирзиёев 2017 жылдың өзінде-ақ

тұрмысы төмен отбасыларға мал шаруашылығымен немесе құс шаруашылығымен айналысуға кеңес беріп,

тұрмыстарын түзеп, байлыққа кенелетіндеріне уәде берген.

Бірнеше айдан кейін ол жылыжайларда лимон өсіруді және оларды экспортқа шығаруды ұсынды. Алайда бұл жобаны жүзеге асыру күмән тудырды.

Халыққа арналған несиелік келісім-шарттарды жасаумен айналысатын Уртачирчик ауданы әкімшілігінің заңгері тауық пен лимон өсірумен айналысатын көптеген борышкерлер несиелерін төлей алмағанын айтты.

Несиелік қарыздар бойынша нақты цифр әзірге белгісіз. Алайда, сарапшылар жеңілдетілген несиелер коммерциялық банктер үшін де үлкен қиындық тудырған деп санайды. Кейбір облыстарда жеңілдетілген несиелер бойынша қарыздарды өндіріп алуға банк қызметкерлерімен бірге бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де тартылғаны туралы хабарламалар келіп түсуде.

Адамдар коронавирусқа сенбейді

Қазіргі уақытта Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны жиілеп кетті, деп хабарлайды БАҚ. Вирустың таралуына байланысты жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшуде.

Сарапшылардың айтуынша

өкпе қабынуын оған қоспайтындықтан, жұқтырғандар саны ресми статистика бойынша келтірілген мәліметтерден әлдеқайда көп

Мамандар коронавирусты жұқтырғандардың саны күн сайын өсуінің себебін азаматтардың қырағылықты жоғалтуынан, санитарлық талаптарды сақтамауынан, қоғамдық орындарда қарапайым медициналық бетперде киюді ұмытып кетуінен, сондай-ақ үйлену тойлары мен басқа да отбасылық іс-шараларда әлеуметтік қашықтықты сақтамауынан деп түсіндіреді.

Дей тұрғанмен,

жұқтырғандар санының өсуіне қарамастан, өңірлерде адам көп жиналатын түрлі мерекелер өткізу жалғасуда.

1 сәуірден бастап комиссия шешімімен Өзбекстан аумағында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

2021 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша елде коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 82340 адамға жетті.

Өзбекше ұят

Хорезм облысының қылмыстық істер жөніндегі Ургенч қалалық соты жартылай жалаңаш күйінде сумаляк (өзбектердің мерекелік тағамы — ескерту) әзірлеп жатқан алты әйелге қатысты іс бойынша шешім шығарды.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, әкімшілік іс көпшілік тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралған.

Сот Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексінің 183-бабы (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша үш әйелді кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Тағы үш әйелге 1,22 миллион сом (шамамен 100 доллар) айыппұл салынды. Шешімге қатысы жоқ мұндай жаза олардың балалары бар болуына байланысты тағайындалды.

Бірер күн бұрын әлеуметтік желілердің өзбек бөлігінде Ургенче қаласындағы “Сахара” түнгі клубының бірнеше бишісі жартылай жалаңаш күйінде қалай сумаляк  дайындап жатқандары туралы бейнежазба пайда болған болатын.

Пайдаланушылардың көпшілігі олардың бұл әрекеттерін сынға алды. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қатты сын айтылғаннан кейін тергеуге кіріскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз