Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Өзбекстанда орыс тілінің мәртебесін қайтару ұсынылды

236

Білім және мәдениет қайраткерлері тобының жолдауы қоғамға ашық хат ретінде vesti.uz порталында жарияланды. Жолдауын авторлары бірден атап өтті:

“Орыс тілінің мәртебесін өзгерту туралы мәселені көтере отырып, біз өзбек тілінің мемлекеттік тіл ретінде мызғымастығына қиянат жасамаймыз”

Сонымен қатар, авторлар орыс тілі “ұлтаралық” қатынас тілі мәртебесінен 1995 жылы сол кездегі президент марқұм Ислам Каримовтың бастамасымен айрылғанын еске салды. Және қазіргі таңда мектептер мен жоғары оқу орындарында шет тілдерінің бірі ретінде ғана оқытылады. Авторлардың пікірінше, Өзбекстанда орыс тілін қайтару үшін объективті себептер қалыптасқан. Мысал ретінде келесі дәлелдерді келтіреді.

Қолдайтындар

“Бүгінде ел халқының айтарлықтай бөлігі орыс тілінде сөйлейді. Бұл орыстар, украиндар, татарлар, белорустар, қазақтар, кәрістер, армяндар, еврейлер және титулдық ұлттың көптеген өкілдері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тіпті саны аз халықтардың тілдері мемлекеттік жүйелер мен құрылымдарда өз құқықтарына ие”.

“Орта Азия халқына әлем мәдениеті мен рухани байлықтары орыс тілі арқылы қол жетімді болды. Біз іс жүзінде ғылымның, мәдениеттің жалпы деңгейі күрт төмендегенін бақылап жүрміз.

Кириллицаны білмейтін қазіргі жастар өткен ғасырдың бай мәдениетінен ажырап, белгілі бір дәрежеде сауатсыз болып барады»

“Ортаазиялық республикалардың көптеген әдебиет қайраткерлері өз елдерінен тыс жерлерде танымал болды. Және бұл орыс тілінің, сол арқылы әлемнің басқа тілдеріне аудармаларының арқасында. Олар отандық классиктердің әсері мен орыс сөздігінің жауһарларында тәрбиеленді”.

Қарсы шыққандар

Петиция бірден әлеуметтік желілерде және белгілі қоғам қайраткерлерінің арасында теріс пікір тудырды. Мысалы, Ташкент журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің басшысы Шерзод Құдратходжаев өзбек тілі әлі күнге дейін елімізде негізгі тіл бола алмағанын мәлімдеді. Сондықтан орыс тіліне жеке мәртебе беру жағдайды ушықтыра түседі.

“Мұндай бастама ең алдымен мемлекеттік тілге соққы болады, — деді ол BBC өзбек редакциясына берген сұхбатында. —

Соңғы 30 жылда өзбек тілі нағыз мемлекеттік тіл бола алмады. Және бұған зиялы қауым кінәлі”

Өз кезегінде танымал бизнесвумен Азиза Омарова орыс тілі мәртебесіз-аө өзін жақсы сезінеді деп есептейді. Сондықтан, егер проблемалар туралы айтатын болсақ, бірінші кезекте мемлекеттік тілдің мәселесін көтеру керек. Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу сәтсіз болды. Латын әліпбиінде кітаптар саны әлі де аз. Және бұл өзбек тілін дамыту жолында сәтсіздікке ұшырады, ол тек оған зиян тигізді.

Отаршылдыққа жол жоқ

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың көбі петиция авторларын Кремльдің қолшоқпарлары деп айыптады. Осылайша Ресей Өзбекстанды өзіне тәуелді етпек-мыс.

Олар жолдаудың мына бір бөлігіне назар аударады:

“Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің ортақтасуының саяси және экономикалық процестері жүріп жатыр. Сондықтан елдеріміздің тілдері арасындағы түбегейлі айырмашылықтарды ескере отырып, орыс тілі тиімді ынтымақтастық үшін қажет”.

“ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ҰҚШҰ және басқа да одақтарда қызмет тілі орыс тілі болып табылады”.

Өзбекстандағы орыс тілі

Еurasianet.org порталы Ресейлік серіктестіктің Ташкент филиалының зерттеулерін мысалға келтіреді. Мысалы, Өзбекстанда шамамен 11,8 млн адам орыс тілінде сөйлейді. Бұл халықтың шамамен үштен бірі.

1992 жылы бұл елде 1 100-ден астам орыс тілді немесе аралас орыс-өзбек мектептері болды. Қазір 862 орыс тілді мектеп бар. Ірі қалаларда кабельдік теледидар операторлары негізінен орыс тіліндегі бағдарламалардан тұратын пакеттерді ұсынады.

Сонымен қатар, орыс тілі іскерлік қарым-қатынас тілі позициясын берік ұстап тұр. Бұдан өзге, ресейлік ЖОО-да Өзбекстаннан 25 000-ға жуық студент білім алуда.

Бұл фактілер елде орыс тілі ешқандай мәртебесіз-ақ кең қолданыста екенін айқындайды

Сарапшылар пікірі

Сарапшылар негізінен бұл ақпараттық шабуыл деп санайды. Сондықтан да ерекше назар аударуды қажет етпейді деген ұстанымда. Мысалы, саясаттанушы Рафаэль Саттаров тіл туралы мәселелерден Кремльдің қулық-сұмдықтарын іздей берудің қажеті жоқ деп есептейді.

“Орыс әлемінсіз-ақ” өзбек басқару режимі мен экономикасы Ресейге тәуелді”, — деді Саттаров Eurasianet.org порталына —

Кейбір зиялы қауым өкілдерінің іс-әрекеттерінен астыртын әрекет іздеу ақымақ»

Eurasianet.org порталы Ресей мен Өзбекстан арасында ынтымақтастық нығайып жатқаны шын мәнінде байқалатынын жазған. 2018 жылы тауар айналымы 2017 жылмен салыстырғанда 21%-ға өсті. Ресей президенті Владимир Путиннің қазан айындағы сапары кезінде Ташкент оны өте салтанатты қарсы алды. Өзбекстан экономика министрлігінің хабарлауынша, оның келуі коммерциялық келісімдерге қол қоюмен сәйкес келген. Олардың жалпы сомасы — 27 млрд доллар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз