Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Өзбекстанда мектеп қыздарының пәктігін жаппай тексеру басталды

Жергілікті шенеуніктің айтуынша, бұл шара оқушы қыздар арасында пәктігінен айырылып, жүкті болып, масқараға ұшыраудан қорыққаннан өзіне-өзі қол салу оқиғаларының алдын-алуға бағытталған екен.

Гинекологтың тексеруінен кейін жыныстық қатынасқа ерте жастан түскен қыздардың ата-анасымен мұғалімдер мен психологтер әңгімелеседі.

Тексеру барысында өңірде екіқабат болып қалған ондаған жасөспірім қыз анықталды.

Бұл шара күштеп жүзеге асырылуда. Өйткені жуырда ғана Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Самарқандта сөйлеген сөзінде дәл осы өңірде жас қыздар мен әйелдер арасында өзіне-өзі қол салу оқиғаларының жиілеп кеткеніне алаңдаушылық танытқан еді. Мирзиеевтің сөзінше, Самарқандта соңғы уақытта 145 қыз суицидке барған.
https://kaz.365info.kz/b-lingen-t-gi-zho-p-ktik-zhasatu-30-my-te-ge-t-rady-246672
Фото: ilya varlamov | zyalt.livejournal.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз