Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Өзбекстанда кісі өлтірді деген күдікті Шымкентте шашылық пісіруші болып жұмыс істеген

Шынында да кісі өлтірген өзбекстандық жалған құжатпен Шымқаланың мейрамханасына шашлык пісіруші болып жұмысқа тұрғандығы анықталған.

Шымкенттің полиция қызметкерлері оны тауып, құрықтаған. Алайда, ұсталған азаматты “Өзбекстанға экстрадациялап жібереміз” деп қорқытып, 1000 АҚШ долларын талап еткен көрінеді.

Дəл осы əрекеттері үшін айып тағылып, тəртіп сақшыларын прокуратура қызметкерлері құрықтаған. Полицейлер өз кінəсін мойындамапты.

Оларға Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 366 бабы, 4-ші бөлігі “Қызметін асыра пайдалану” бабы бойынша айып тағылуда.

Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тəркілеу, қызметтік лауазымға ие болу құқығынан өмір бойға айыру жазасы кесілуі ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз