Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Өзбек пен қырғыз қызтекелері Қазақстанға көшкісі келеді. Неге?

288

Сексуалды бағдары ауытқыған әйелдер мен еркектерге Өзбекстан мен Түркменстанда өмір сүру қиынырақ, ол елдерде мұндай нәрсе заңмен қудаланады. Орталық Азияның өзге елдерінде біржыныстық қатынас үшін қылмыстық немесе өзге де жаза қарастырылмаған, бірақ қоғамдағы гомофобия деңгейі айтарлықтай жоғары.

Қазақстан

Қазақстанда гомосексуализм заңмен қудаланбайды. Қазақстандық көгілдірлер түр-әлпеттерін көп жасыра бермейді, тіпті теледидар, басылымдарға да шығады. Қазақстан тіпті “бір жынысты некені заңдастыру туралы” үндеу көтерген. Бірақ ондай қатынасқа біздің қоғамның көпшілігі теріс көзқараста. Өзінің сексуалды бағдарын жасырмайтын көгілдірлерді жұмыстан шығарып, тіпті соққыға да жығуы мүмкін. Жалпы айтқанда гомосексуалдар мен лесбилердің қудаланудан қорғану мүмкіндігі аз.

Қырғызстан

1998 жылғы қызтекелік туралы баптың алынып тасталуына қарамастан гомосексуализм тақырыбы Қырғызстанда жабық тақырып. 2015 жылы Қырғыз парламенті біржынысты қарым-қатынасты үндеуге тыйым салынған заң жобасын қабылдады. Бірақ кейіннен қайтадан заңның күшін жойды. Human Rights Watch заң қорғаушылары гомосексуалдар мен бисексуалдардың полиция тарапынан бопсалаушылыққа, ұрып-соғуға, жыныстық зорлауға жиі ұшырайтынын айтады. Лесби, бисексуал, трансгендер және қызтекелер қауымына дін өкілдері де жек көрушіліктерін танытып отыр. Республиканың бас мүфтиі көгілдірлердің көзін жою қажеттілігін айтып, кейіннен ол сөзінен бас тартқан еді.

Тәжікстан

Үкімет гомосекуалды қарым-қатынасты 1998 жылы қылмыс емес деп таныды. Бірақ, елдегі көгілдірлердің жағдайы өзгерген жоқ. Қазақстан мен Қырғызстан тәрізді Тәжікстанда да гомосексуалды қарым-қатынас өкілдеріне сексуалды зорлық көретіледі, кемсітушілік байқалады. Құқық қорғау орындары оларға қоқан-лоққы көрсетеді, ұрып-соғу, бопсалау орын алған. Тәжіктің кей ғалымдары гомосексуализмді алкоголизм мен наркомания тәрізді тәуелділіктің бір түрі деп есептейді. Елдегі қызтекелер мен лесбияндарының қосалқы өмірлері бар, яғни олар басына пәле тілеп алмас үшін қарама-қарсы жыныс өкілдерімен некеге тұрады.

Түркіменстан

Түркіменстан мен Өзбекстан – қызтекелікті заңмен қудалайтын елдер. Біржыныстық қатынас үшін екі жылға бас бостандығынан айырады. Бірақ әйелдердің біржынысты қатынасына тыйым жоқ. Көбіне айыптау үкіміне қоғамға қарсы іс-әрекеттер жатады, кәмелетке толмағандарды қорлады деген айыптарды қоса тағады. Түркімен үкіметі жергілікті заң мен халықаралық конвенцияны бұза отырып, қызтекелердің достары мен таныстарына да қысым жасайды. Ал қоғам арасында гомосексуализм тақырыбын мүлдем сөз қылмайды.

Өзбекстан

Гомосексуализм, лесби, бисексуал және трансгендер тақырыбын БАҚ өкілдері мүлдем жазбайды, айтпайды. Гомосексуализмді қоғам психикалық ауытқушылық деп қабылдайды. Бұрынғы Президент Ислам Кәрімов оларды жүйке ауруына шалдыққандар деп есептейтін. Бұл елде де олар полиция тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Былтыр Telegram мэссенджерінде милицияның трансвеститті өлтіріп жатқан бейнежазбасы кеңінен тараған болатын. Біржынысты қатынас үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Гомосексуализмді ғалымдар ресми түрде психикалық ауытқушылық деп танымаса да, Орталық Азия елдері оларды солай қабылдайды. Ал кей елдер батыс мәдениетін қайталап, оларды күштеп емдеуге жіберуде.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз