Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Өзбек құрлы жоқпыз ба?”. Наурызды тойлаудың ерекше дәстүрі бар екен

101

Ол кісі 1970 жылдары Мәскеудегi Ленин атындағы кiтапхананың архивiнен ескi бiр жырды кездейсоқ қолға түсiргенін,

араб әрiп­терiмен жазылған сол жырда Нұх пайғамбардың кемесi күн мен түннiң теңескен күні Қазығұрттың басына тоқтағаны, Нұх пайғамбардың кемеден түскен барша тiршiлiк иелерiне ең ұлық мереке – күн мен түннiң теңелуiн, яғни, жаңа бiр өмiрдiң басталуын тойлауға әмiр бергенi жа­зылыпты

дейтін-ді.

Осы аңызды ақиқатқа балауға да бо­латынын айтып, қызықты деректерін тізбелейтін.

Қазы­ғұрт тауы – қазақтың жері. Демек, біздің ға­лым­­дар осы негізді әңгімені індете зерттесе, әлем­дік өркениет үшін Наурыздың иесі қазақ бо­лып шы­ғар еді. Яғни ғаламның бірқатар елдерінде аталып өтетін Әз-Наурыздың заңды мұрагері де – бізбіз”. 

 

Түрікмен мен өзбек құрлы жоқпыз ба? 

“Көршіміз Түрікменстанда 12 желтоқсанда өзге ешбір елде кездесе бермейтін өздеріне ғана тән «бей­тараптық күні» аталып өтіледі.

Осы мерекеде түрік­мендер шекараны жауып тастайды. Бұл шектеу 7-сінен 13-інші желтоқсанға дейін, яғни алты күнге жалғасады. Ал іргедегі саясаты құбылмалы өзбектер «Мустакилик байрамы» (Тәуелсіздік мерекесі) кезінде де шекарасын бекітіп алып тойлайды. Қытайлар болса, жылда өздерінің ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлауға байланысты қаңтардың аяғынан бастап шекарасын екі аптаға  жауып тастайды. Неге?

Біздің пікірімізше, біріншіден, бұл елдер осы бір ғана қадамы арқылы атал­мыш ме­ре­кеге деген ұлттың құрметін көр­сетіп отыр.

Екін­шіден, олар осы шара ая­сында ұлттық құн­дылықтарды на­­си­хаттауға, мемлекет ішін­де салт-дәс­түр­ді дамытуға мүмкіндік ала ала­ды.

Үшін­шіден, аталған мемлекеттер осындай мей­­рам­дарда ұлттық патриотизмді сыртқы сая­си қатынастардан да жоғары қойып, ел­дің ру­хани серпілуіне септеседі. Біз тоғыз күн бо­йы шекараны жауып, төл жаңа жылымызды той­ласақ, осы үш айтылған жайттың сыртында да біраз жетістікке жеткен болар едік”.

Тарихта қалғымыз келе ме? 

«Нау­рыз ме­рекесі осы уақытқа дейін қаң­тар­дағы Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қой­ды» деген пікірді жиі айтамыз.

Біз шекараны жа­уып, тік тұрып құрмет көрсету арқылы, бұл пікірдің күлін көкке ұшы­рып, ұлт­тық сипаттағы мемлекет құруға бет ал­ға­ны­мызды көрсетер едік.

Өз мәдениеті­міздің ты­н­ысын ашуға жол ашылар еді. Екі күн артық демалар болса, ше­телге шығуға құ­мартып тұратын «шіріген бай­лар» өзіміздің ел­дегі туристік орын­дар­ға барып, бізде де ше­телдікімен пара-пар ғаламат жерлеріміз бар еке­ніне тұшынған болар еді.. Ше­тел­ден ағылып жатқан сансыз мемлекеттердің азаматтары қа­зақтардың ұлттық мерекеге деген құр­ме­тіне сүйіспеншілікпен қарар еді.

Көптеген мемлекеттер тойлайтын «көктем мерекесін» әлемге біздікі ретінде дәлелдеп, Әз-Наурызды шекарасын жауып той­лайтын тұңғыш мемлекет ретінде тарих бетінде қатталып қалар едік.

Қолдар ма екен? 

 1926 жылы Кеңес үкіметінің шаласауатты «сыңарезу саясаты» Наурыз мейрамын ислам дінінің сарқыншағына балап, тойлауға басы бүтін шектеу қойғызған. 1988 жылы бірқатар ұлт зиялылары Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Колбинге Наурызды  тойлау жөнінде мәселе көтеріп, хат жазып жүріп, ақыры төл Жаңа жылымыз өз халқымен қауышқан болатын.

Бір қызық дерек ретінде, ұлт зиялыларының бастамасын бюро мүшелерінен екі-ақ адам қолдағанын, оның бірі – сол кездегі Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, екіншісі – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков екенін айта кеткен жөн. Неге дейсіз бе?

Кешегі темірдей құрсаулы Кеңес идеологиясына қарсы біткен бұтақтай осы мерекеге бола басын бәйгеге тіккен Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгідей Тәуелсіздіктің қыраны кеңге қанат жайған тұста, «Наурызды тоғыз күн шекараны жауып тастап тойлау керек» деген идеямызды қолдайды деп ойлаймыз. Лайым, солай болғай!

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз