Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Оу, Байлық аға, мені міңгестіре кет!

136

Күндердің күнінде су көтеріле бастапты. “Жаңғыру” болмағасын ол кезде су тартылмайды, керісінше көбейеді екен. Арал судың астында қалатын қауіп төніпті.

Содан рухани байлықтар қайықтарына, кемесіне мініп, әлгі аралдан безіпті. Бәрі алды-артына қарамай зытқан көрінеді. Рухани болса да жан тәтті, зу ете қалыпты әп-сәтте. Тәтті қиялға беріліп, аспанға қарап жатқан Махаббат қалып қойыпты. Тұра сала Байлықты көріп:
– Оу, Байлық аға, мені міңгестіре кет! – десе, Байлық:
– Қалқам, осыншама асыл тас, жақұттарды әрең сыйғыздым, саған орын жоқ! – деп кете береді. Махаббат жүгіріп Қуанышқа барыпты, одан да бос орын таппайды, Қайғы мен Менмендік те пысқырмай кетіпті. Ерлік те қарамапты. Салы суға кетіп тұрғанда:
– Кел, маған мінгес – деп бір қария шыға келіпті.

Махаббат қуанғаннан қарғып мініп, әлгі қарияның көне қайығымен құрғаққа ілініпті. Оны сол арада қалдырып, қария ары қарай кете беріпті.

Жағалауда Тағлым тұр екен сол кезде. Махаббат өзін құтқарған қарияның кім екенін содан сұрапты.
– Е-е, ол Уақыт қария ғой, шырағым.
– Уақыт? Ол неге мені құтқарды екен?
– Махаббатың керек екенін тек сол ғана біледі, бағасын да…

Болды осымен. Есте қалған аңыз ғой. “Рухани жаңғыруға” керек болар деп… жаңғырмасаңыз да өзіңіз біліңіз…

Асқар Наймантаевтың facebook парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз