Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Отырар сазы оркестрі Әзербайжанда концерт өткізді

133

Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған шарада қонақтарды Елші Бейбіт Исабаев пен Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Адалят Велиев құттықтады. Мерекелік жиын аясында Әзербайжанның халық әртісі, дирижер Агаверди Пашаев Қазақстан Мәдениет министрлігінің құрмет медалімен марапатталды.

Агаверди Пашаев, дирижер:

– Мен Мәдениет министрлігінің медаліне лайықты болғаныма өте қуаныштымын. Болашақта әріптестерімізбен бірге Қазақстанның әртүрлі қалаларында көптеген концерттер қоятынымызға сенімдімін. Сондай-ақ қазақстандық ансамбль де бізбен бірге Әзербайжан сахнасында өнер көрсеткенін қалаймын.

Хатиша Абдуллаева, Баку тұрғыны:

– Мен негізі Алматы қаласынанмын. Ал Бакуде тұрып жатқаныма 30 жыл болды. Сол себепті алдымен қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Бұл біз үшін үлкен мейрам. Және жарым екеуміз барлық Қазақстанға қатысты шаралардан қалмаймыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз