Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Өтірік әншілерді масқара қылды…”. Түріктер Димаш туралы не дейді?.. (видео)

398

Вокал өнерінде үш техника бар екен: қарапайым техника, супер-техника және адам мүмкіндігінен тыс техника. Міне, Димаштікі – адам мүмкіндігінен тыс техника екен. Димаштан басқа ондай әнші жоқ әлемде.

Қытайдағы поп-музыка корпорациясының басшысы Фу Линнің бағасы екен бұл.

Димаш музыка саласында болмаған жаңа стиль қалыптастырды

Бұдан бөлек мақалада Димаштың операдан бас тартқаны да сөз болады.

„Ол Астана опера театрының ұсынысынан бас тартқан. Ал бұл театр әлемдегі 5 үздіктің қатарына енеді. Бірақ Димаш эстрадаға да түбегейлі бас қойып кетпеді. Ол неоклассиканы поп-музыкаға, рокты операға қосып, музыкада осыған дейін болмаған жаңа стиль қалыптастырып, айды аспаннан бір-ақ шығарды.

https://kaz.365info.kz/tysingenderinizge-rakhmet-sahnaga-koterilgen-dimash-nege-an-oryndamady-299668

Біз ұзақ уақыт бойына қараңғыда қисық айнаға қарап келдік. Ал Димаш сол қараңғыда адасқан бізге жарық боп келді. Ол ән салғанда әннің өзіне айналып, халыққа шоу-бизнес индустриясы туғызған „идолдардың„ ішіндегі ең нағызы боп көрінді.

Димаштікі туа біткен қасиет десек, тағы қателесеміз. Керісінше, ол үздіксіз алған білім мен қалтқысыз еңбектің адамға мүмкін емес нәрсені мүмкін ететінін дәлелдеп берді. Бес жасында пионино ойнап, домбыра тартқан Димаш үздіксіз музыкадан білім алып келген. Оның әке-шешесі өнер адамдары, Қазақстандағы атақты әрі танымал тұлғалар. Атасы да мықты күйші болған. Димаш білім ала жүріп, түрлі сайыстарға қатысып, халықаралық жобаларда да бақ сынаған. Бұл да үлкен мектеп.

Бір жобада бақталасы оның суына ұйықтататын дәрі де салып жіберіпті (Белоруссиядағы „Славян базары„ халықаралық бәйгесінде -авт). Бұл туралы Димаштың өзі айтады. „Микрофонды қатты қысып алдым. Бүкіл күшімді осылай жинап, әнді соңына әрең жеткіздім„ – дейді ол.

Міне, бұл да сынақ, бұл да сабақ.

https://kaz.365info.kz/korinip-tyrady-goj-dimash-nieti-byzykh-pejili-zhat-adamdar-turaly-ajtty-298591

Ол қатысқан Қытайдағы „Мен әншімін„ жобасы басқа жобалардан бөлек. Басқа жобаларда ел ішінен шыққан, білімі де болмауы мүмкін адамдар бақ сынайды ғой. Ал бұл жобада әнші боп мойындалған тек кіл мықтылар додаға түседі. Күрделі әрине, бақталастық та әлдеқайда күшті. Бірақ Димаш оны да жеңді. Бірінші күні – бірінші турда-ақ. Ол орындаған француз әні көрермендер ғана емес, кәсіби шеберлердің өзін таң қалдырып, қатты толқу туғызды.

2017 жылдың өзінде Димаш 10 жүлдеге ие болды. Алтын дауыстан бастап Қытайдың Грэммиін де жұлып алды. Кинодан бастап сән әлеміне дейінгі жарнамаларға түсіп жатыр.

Ал оның алғашқы концерті аяқталғанда Қытай халқы кетпей 20 минут тұрып алған. Ал бұған онда заңмен тыйым салынады. Сөйтіп Димаштың концерті тарихта қалатын болды.

Димаштың дауысындағы дірілдің құпиясы

Мақалада профессор Сорин Карянгенің де пікірі келтіріліпті.

„Димаштың дауысы туа біткен қасиет екенін мойындау керек. Бірақ жаттығусыз оны жоғалтып алу оп-оңай. Ал Димаш дауысын жаттықтырып қана қоймай, оны өзінше дамытқан. Жоғары нота дегеніміз не? Бұл тамақ арқылы жүзеге асырылатын жүйке бұлшық еттерінің процесі. Бірінші, екінші, одан соң үшінші фазада дыбыс шығару деген әншінің миы тікелей және жанама түрде белгі бере отырып, іс-қимыл жүйкесін басқару. Сәйкесінше денедегі тін де нотаға қарай сан құбылып өзгереді.

Қазір көбісі жоғары нотаны аламыз деп мақтанып жүр. Бірақ, шыны керек, олар құр шыңғырады.

Міне, Димаш шыңғыру мен жоғарыда ән салудың қандай айырмасы барын баршаға көрсетіп берді, көзін ашты. Өтірік әншілерді масқара қылды.

https://kaz.365info.kz/korkemdik-degen-osy-fanattar-dimashtyn-ata-anasynyn-onerin-bagalap-zhatyr-video-294337

Одан соң Димаш дауысындағы діріл. Бұл өте күрделі орындау. Кез келгеннің қолынан келмейді ол.

Міне, жан-тәнімен жеткізген әнді тек Димаштан көрдім мен. Мұны феномен деп айтпағанда не дейміз тағы„ деп жазады музыкадан кәсіби тұрғыда білімі бар түрік журналының тілшісі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз