Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Өтірік айтпаңыз…”. Министр Дүйсенова Алмазбек Атамбаевқа жауап берді

Бұл ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әлеуметтік төлемдер Қазақстанның ішкі мәселесі екенін баса айтып, өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Қазақстан мен Қырғыз Республикасы әрқашан бірін-бірі материалдық тұрғыдан қабылдап, бір-бірін қолдап, көмек көрсететін. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен оның деңгейі – бұл әрбір мемлекеттің ішкі мәселесі. Біз ешқашан басқа мемлекеттен ішкі төлемдердің мөлшері неге осындай деп сұрамаймыз. Әлеуметтік көмек пен қолдауға жұмсалатын шығыстар Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 4,2 процентін құрайды. Қырғызстанда бұл басқа процесс. Біз ол туралы айтып, сынамаймыз ғой, өйткені бұл әр мемлекеттің өз шаруасы”, — деп мәлім етті Тамара Дүйсенова бүгін БАҚ өкілдеріне.

https://kaz.365info.kz/maskeu-zhakhyn-dosym-satpaev-atambaevtyn-ne-menzegenin-ajtyp-khojdy-283731

Министрдің сөзіне сүйенсек, Атамбаевтың еліміздегі зейнетақы мөлшеріне қатысты айтқан мәліметі шындыққа сәйкес келмейді.

“Бүгінгі күні Қазақстанда зейнетақы мөлшері әріптестерімізбен салыстырғанда 2,6 есе көп. Бірінші қаңтардан бастап базалық зейнетақы қайта қаралады. Сонда келесі жылы айырмашылық 3,5 еседей болады”, — деді Дүйсенова.

Еске сала кетейік, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның басшылығын 15-қазанда өтетін президент сайлауы процесіне килігіп отыр деп айыптап, еліміздегі байлықтың ұрланып жатқанын мәлімдеген болатын. Ол Қазақстандағы зейнетақы мөлшері ішкі жалпы өнімі көрші елден сегіз есе көп бола тұра, Қырғызстаннан бар болғаны бір жарым есе ғана көп екеніне таңғалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз