Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

«Отбасы банктің» шырғалаң шеңбері: жақсы ниеттің аяғы сиырқұймышақтанып кетті

3082

Нарықтық ипотека ауыр халде

Естеріңізге сала кетейік, “ҚТҚЖБ” 2003 жылы сол кезде Ұлттық банкті алғаш рет басқарған неміс құрылыс жинақ жүйесінің жанкүйері Григорий Марченконың ұсынуымен құрылған болатын.

Оның жоспарымен тұрғын үйді қаржыландыру нарығының моделі екі сегменттен — ипотекалық кредиттеуден және құрылыс жинақ жүйесінен тұруы тиіс еді. Бұл ретте ипотекалық кредиттер халықтың шамамен 3-5%–на, ал құрылыс жинақтары жүйесі 15%-на қолжетімді болуы мүмкін болатын.

Тиісті заң 2000 жылы әзірленіп, мақұлданды, алайда жаңа жүйеге шетелден стратегиялық инвесторлар келетіндіктен баяулап қалды. Шетелдік инвесторлар рөліне, Марченконың айтуынша, австриялықтар келуі керек еді. Нәтижесінде “ҚТҚЖБ” шетелдік инвесторларсыз мемлекеттік банк ретінде құрылды, ал оның бірінші басшысы болып Марченко мырзаның ұсынысымен Ұлттық банк жүйесінен шыққан Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды.

Кейін оны және “ҚТҚЖБ”-ның басқа да топ-менеджерлерін тұрғын үйді бөлу тәртібін бұзды деген айыппен сол кездегі мемлекет басшысы жұмыстан шығарды. Одан кейін 2017 жылы “ҚТҚЖБ” басшысы болып бұрын “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарған және “Бәйтерек” ҰБХ вице-президенті болып еңбек еткен Ләззат Ибрагимова тағайындалды.

Былтыр мамыр айында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде қазіргі мемлекет басшысы үкіметке “ҚТҚЖБ” негізінде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтын құруды тапсырды.

Шамасы, мұндай жаңалықты “ҚТҚЖБ” топ-менеджменті де, сондай-ақ оны бақылайтын “Бәйтерек” мемлекеттік холдингі де, оның негізгі акционері — Қазақстан үкіметі де күтпеген болса керек. Сондықтан тапсырманың орындалуы жарты жылға созылды — тек өткен жылдың желтоқсан айында “ҚТҚЖБ” ресми түрде “Отбасы банк” болып өзгертілді.

Бірақ әлі күнге дейін банктің ресми сайты бұрынғы мекенжайда орналасқан — https://hcsbk.kz/. Сонымен қатар, “Бәйтерек” ҰБХ қазіргі таңда таратылған “ҚазАгро” мемхолдингінің қаржы шаруашылығын жайғастыру процесімен айналысуда.

Дейтұрғанмен

тұрғын үй нарығындағы “Отбасы банкінің” несиелік агрессиясы туралы тәуелсіз сарапшылар ғана дабыл қағып жатқан жоқ,

бұл туралы Ұлттық банкте де айта бастады!

Ақша-кредит саясаты туралы жаңа баяндамада талдаушылар “Отбасы банкінің” кредит қоржынының белсенді кеңеюі соңғы уақытта тұрғын үй бағасының қарқынды өсуінің негізгі факторларының бірі болғанын тікелей атап өтті. Олардың мәліметтері бойынша, бұл Банктің ипотека нарығындағы үлесі 2014 жылғы 38%-дан өткен жылы 56,5%-ға дейін өсті. Басқа бағдарламаларды ескере отырып (“Отбасы Банк” желісімен “7-20-25” және “Баспана хит”)

ипотекалық кредиттеуге мемлекеттің қатысу үлесі 2016 жылғы 61%-дан 2020 жылы 99%-ға дейін өсті!

Осы арзан ақшаның қысымымен ипотекалық кредиттер бойынша мөлшерлемелер 2016 жылғы желтоқсандағы 9,3% орташа деңгейден өткен жылғы желтоқсандағы 7,5%-ға дейін төмендеді және ақшаның нарықтық бағасын айқындайтын Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен төмен болды. Нәтижесінде, сарапшылар әділ атап өткендей, соңғы бес жыл ішінде “Отбасы Банкінің” қызметі нәтижесінде ипотека нарықтық мөлшерлемесі бар өнім ретінде іс жүзінде жойылды, тұрғын үй бағасының айтарлықтай өсуін айтпағанда.

Статистикаға сүйенсек, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап жаңа тұрғын үй сату бағасы 16,7%-ға, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату – 29,5%-ға, ал жалдап тұру ақысы – 32,8%-ға өсті. Ұлттық банктің есептеуі бойынша ипотекалық кредиттерге қолжетімділіктің өсуі тұрғын үй бағасының қайталама нарықта 0,24%-ға, бастапқы нарықта 0,17%-ға өсуіне алып келеді.

Сарапшылар атап отырған тағы бір мәселе — бұл “Отбасы банкі” Кепілдендіру қорынан өз құқықтық мәртебесімен шыққаннан кейін Қордағы тұрақтылығының төмендеуі. Қаупі орынды – өйткені ақпан айының басында “Отбасы банк” халық салымдарының мөлшері бойынша үшінші орынды иеленді, сондықтан оның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы қатарынан шығуы оған қатысушы банктерден ақша ағынын айтарлықтай төмендетеді.

Тағы бір күрделі мәселе “Отбасы банкінің” қаржы реттеушінің қадағалаушы бақылауынан шығуы. Бұл ретте” Отбасы банкі” несие қоржынының жылдық мәндегі үштен бір бөлігінен астам өсуімен берілген кредиттер көлемі бойынша қазір төртінші орында тұр!

“Отбасы банкті” тығырықтан қалай шығаруға болатыны түсініксіз. Жақында оның рейтингін көтерген “Fitch Rating” агенттігінде бүгінде Банктің даму институты ретіндегі қызметі Қазақстанның экономикалық белсенді халқының 20%-ын қамтитынын, сондықтан оның функцияларын басқа агентке беру өте қиын екенін атап өтті. Оған қоса, банкті жекешелендіру екіталай болып отыр, өйткені оны қорландырудың едәуір бөлігі тұрғын үй саласындағы мемлекеттік саясатта көзделген міндеттерді орындау үшін арзан ақшаға төмен пайыздық мөлшерлемемен келеді.

Бұдан шығатыны

бүгінде “Отбасы банк” бастапқы құрылған мақсаттарына жауап бермейді

Ал осы ғасырдың басында ол тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі бәсекелестік негізі ретінде құрылған еді. Сондай-ақ оны толыққанды даму институтына оңай әрі тез реформалау мүмкін емес болып отыр.

“Квазимем” берілмейді!

Алайда, “Отбасы банк” — Қазақстанның квазимемлекеттік секторы проблемаларының “қисық айналарының” бірі ғана. Естеріңізге сала кетейік, ел басшылығы бұл күрделі, тиімсіз және қымбат жүйені түбегейлі реформалау жоспары туралы бірнеше рет айтқан болатын. 2019 жылғы президенттік Жолдауында

“мемлекеттік компаниялар халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудыратын үлкен конгломераттарға айналды”.

Сол кезде мемлекет басшысы квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий енгізді, ал үкіметке есеп комитетімен бірлесіп, үш ай мерзім ішінде олардың санын қысқарту мақсатында мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жасау тапсырылды.

Содан кейін, осы жүйенің төмен тиімділігінің мысалы ретінде тұрғын үй саясаты туралы айтылды, онда сол кезде 7 мемлекеттік оператор бір уақытта тек орталық деңгейде жұмыс істеді!

Үкіметке өзара бытыраңқы бағдарламалар қабылдау практикасынан арылу және елде тұрғын үй дамуының бірыңғай моделін әзірлеу міндеті қойылды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Жолдауында оның сайлауалды бағдарламасында, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру қағидатына негізделген бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажеттігі туралы айтылғанын еске салды.

Өткен жылы мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әкімшілік-басқару персоналын, квазимемлекеттік сектордың өнімсіз шығындары мен артық еншілес компанияларын қысқарту тақырыбына қайта тоқталды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені бірінші Жолдаудан бір жыл өткен соң бұл салада ерекше өзгерістер болған жоқ.

Бұл жолы президент екі мемлекеттік холдингті – “Бәйтерек” пен “ҚазАгроны” бірыңғай даму институтына біріктіруді талап етіп, олардың портфельдік компанияларының санын қызметкерлердің штаттық санымен бірге жартысына қысқартты.

Жолдауда тұрғын үй мәселесі де айтылды, өткен жылы ұранды рапорттарға қарамастан оның шешімінде түбегейлі өзгерістер болған жоқ

Сондай-ақ мына тезис айтылды:

“нарықтық жағдайда азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі табыстылыққа және осы міндетті өз бетінше шешу қабілетіне негізделген»,

соның арқасында келесі жылы “БЖЗҚ”-ның 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады.

Тағы бір негізделген тезис мынау болды:

“жер үй – бұл тек тұрғын үй ғана емес, ол табысы төмен азаматтарға, әсіресе көп балалы отбасыларға экономикалық көмек бола алады”.

Осыған байланысты Жолдауда “әлеуметтік жеке үйлер” деген ерекше термин айтылды.

Мемлекет басшысының екінші Жолдауынан кейін ғана “квазимемлекеттік” лагерінде елеулі өзгерістер басталды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені бұл жүйе орнында тұрмай, бюджеттен алынған арзан ақша мен әкімшілік ресурс есебінен жеке бизнесті нарықтан ығыстыра отырып, ұлттық экономикада терең тамыр жайған.

Осылайша, “Бәйтерек” ҰБХ “Қазақстандық Ипотекалық Компания” ИҰ “АҚ-ға қосылған “Бәйтерек девелопмент” АҚ еншілес ұйымының қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлады. Нарықта “Бәйтерек девелопмент” құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, “Нұрлы жер” тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының қаржы операторы ретінде әрекет етті.

Несиелік тұрғын үй құрылысын бұл компания жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу арқылы қаржыландырды. Ал “Бәйтерек девелопмент” ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесі кезінде теріс атаққа ие болды – сол кезде осы компанияның бұрынғы топ-менеджерлері жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты алу үшін құрылыс ұйымдарынан қалай пара алғандары туралы айтып берген еді.

Содан кейін тұрғын үй саласында жұмыс істеген “Бәйтерек” ҰБХ-ның тағы бір “еншілесінің” қызметін тоқтату туралы жарияланды. Бұл жолы сол “Қазақстан ипотекалық компаниясына” үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдік беретін “Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры” қосылды.

Нәтижесінде көп ұзамай жаңа квазимемлекеттік құбыжық — тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы функциясы бар “Қазақстандық тұрғын үй компаниясы” (ҚТК) дүниеге келді. Соңғысына құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары да берілді.

Бұл ретте

“ҚТК” банк болмаса да, әрі қаржы реттеушісі тарапынан бақылау саласына кірмесе де, қолжетімді тұрғын үй құрылысы бойынша жеке құрылыс салушылар мен әкімдіктерге қызмет көрсету арқылы ауқымды кредиттік қызметпен айналысып жатыр

“ҚТК” әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит береді, оны әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы қаржыландырады, үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер береді, коммерциялық кредиттер бойынша жеке құрылыс салушыларды субсидиялайды, инвестициялық жобаларды қаржыландырады және іске асырады. Реттеушінің лицензиясы “ҚТК” үшін тек ипотекалық қызметіне талап етіледі. Бұл жағдайда “Отбасы банк” немен айналысатыны түсініксіз болды.

Ал “Бәйтерек” құрылымына бүгінде “Қазақстанның Даму Банкі”, “Қазына Капитал Менеджмент”, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Қазақстанның инвестициялық қоры”, “KazakhExport” экспорттық сақтандыру компаниясы”, “QazTech Ventures” және “Kazakhstan Project Preparation Fund” кіреді, оларға жақында таратылған “ҚазАгро” қаржы компаниялары қосылды.

Мысалы, “Қазақстанның даму банкі” арқылы қазір Қазақстанда құрастырылған жеңіл автомобильдерді сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне жеңілдікпен кредит берудің мемлекеттік бағдарламасы жүріп жатыр. Сондықтан “ҚДБ” өзінің “ұзақ” ақшасымен тұрғын үй құрылысын жеңілдікпен кредиттеуге оңай қосыла алар еді. “Қазына Капитал Менеджмент”, “Baiterek Venture Fund” және “BV Management” еншілес компаниялары арқылы шағын және орта бизнесті жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасына қатысады, сондықтан бұл “квазимем” жеке құрылыс салушыларды да қолдай алар еді.

Жалпы, тұрғын үй саясаты саласында жұмыс істейтін мемлекеттік операторларды біріктіру бойынша “Бәйтерек” ҰБХ-да жүргізіліп жатқан косметикалық өзгерістер ойдағыдай нәтиже бермей жатыр, сондықтан басқаша түбегейлі шаралар қажет, оның ішінде 20 жылдық мерейтойынан аттап өткен халықтың тұрғын үй жинақтары жүйесі үшін де.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз