Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Осыны тоқтатшы…”. Танымал жазушы Мейрамбек Бесбаевқа хат жазды

222

Бірде Сәбит Оразбай ағам:

“Шіркін, осылардың ішінде елге керек қаншама құрылысшы, философ, математиктер жүр-ау” деп еді.

Расында, солай ғой. Әркімнің өз ісімен айналысуы деген біздің елде көптен бері тоқтады. Себебі ақша табу керек. Ал қазір жеңіл жолмен, жан қинамай, мұрын қанамай ақша табатын жер – той-томалақ.

Сымбатты, салтанатты, текті, бекзат, ақсүйек өнер, осылайша, өз болмысынан алыстап бара жатыр.

Бұл бізді өз-өзімізден алыстату деген сөз. Теледидар тойханаға айналып кетті. Тойда жүрген әншісымақтар теледидарда да өріп жүр”, – дейді жазушы хатында.

https://kaz.365info.kz/meruert-tysipbaeva-kyjeuge-shygatyn-kezde-zhigitterdi-zhasandy-paktikpen-aldaj-salgan-dyrys-287466

Жазушы Мейрамбекке ендігі жерде әншіліктен бөлек, қайраткер болуға кеңес береді.

“Бүгінде экономикалық қылмыспен күрес жолға қойылған. Ал рухани қыл­мыспен күресу неге ойымызға кі­ріп шықпайды. Өнері өспеген елдің өзі де өспей қалады. Өзің рухтас жігіт­тердің басын қосып, дербес, тәу­елсіз қуатты көркемдік кеңес құру керек. Көркемдік кеңес түрлі сала өкіл­дерінің (музыка, әдебиет, бейнелеу, балет, сәулет, журналистика, т.б.) басын біріктіруі қажет.

Оған “қа­ба­са­қалдар” мен “көксақалдарды” жолат­паған жөн.

Ұлттың рухани-мәдени тегін, төлтума болмысын те­рең бағамдайтын бағдарлама дайындап, оны тиісті министрлікке балама ретінде ұсыну керек. Елбасы айтқан “қа­зақстандық мәдениет” негізін осыдан алу керек, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай.

“Бұл хат (“Өнер – адамдармен сырласу” – Мусоргский) ақылым асып-тасқаннан емес, ұлтты ұлы ететін, әкең мен шешеңдей дана дәс­түрлі өнер­дің биігі аласарып бара жат­қанына алаңдап, көңіл кеңістігін бұлт шалғанда жазылып қалды. Бәрі де өтеді, хан да өтеді, қара да өтеді. Халықты адастырмайтын, алға апаратын

Темірқазық – ол сенің атаның күшімен, ананың сүтімен сіңген саф өнерің, төлтума болмысың.

Ойланайық, шырақ!”, – деп түйіндейді сөзін жазушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз