Енді қастың да париктері шықты.
Бұл туралы Life.ru хабарлайды.
Жапсырмалардың көмегімен белгілі бір себеппен қастарынан айырылған адамдар өздеріне деген сенімсіздіктерін жоймақ. Бірнеше секунд аралығында парик арқылы керемет қасқа ие бола аласыз.
Дұрыс жапсыру үшін мини-париктерді жапсырмадан ажыратып алсаңыз ғана болғаны. “Қастың түсін теріңізден бір тон қаралау болуы қажет”,-дейді мамандар.
Қолданар алдында жақсылап ойланып алу қажет, себебі парикті шешу-қиын әрі ауыр жұмыс. Бұл жаңа өнімді стилист, бет әрлеуші Хун Ваннго қалай пайдалану қажеттігін видео арқылы көрсетті.