Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Осы дұрыс па өзі?”. “Әйел бақытына” шақырылған жезөкше айтпағанды айтты (видео)

221

Жезөкше: “Өмір…Өмір итермеледі. Атам мен әжемнің қолында өстім.  Атам кішкентай кезімде, әжем 80-ге қараған шағында қайтыс болды. Ол кезде 20-дан жаңа асқанмын. Өстіп жалғыз қалдым. Ал ата-анамның тіпті қайда екендерін де білмеймін. Сенсеңіз, мектепке де жарытып барғам жоқ. Бірге туғандарым бар болса, бар шығар. Бірақ, іздеген емеспін оларды. 

https://kaz.365info.kz/ajeli-zhezokshe-259869

Істемеген жерім жоқ. Қоқыс жинадым, құрылысқа да бардым. Еден де жудым. Кейін әлеуметтік желі арқылы бір қыздармен сөйлестім. Маған айлығы жоғары деп, жұмыс ұсынды. “Табысың көп, көйлегің көк” болады деді. Сендім. Себебі, сол уақытта қатты қиналып жүрдім. Содан бері 5 жыл өткен екен. 5 жыл бойы бөтен еркектерді қанағаттандырып келем. Жезөкшелік жолдамын. Иә, мұным дұрыс емес білем. Бірақ, дәл қазір мұны тастай алмаймын.

Жезөкшелік асырап отыр мені. Қазір жағдайым жақсы. «Клиенттер» таныстар арқылы табады. Оның үстіне басқа жезөкшелер сияқты темекі, араққа әуес емеспін. Иә, көтеріп қалдым. Алайда, ол баланы алдырып тастадым.

Өйткені, кімнен екенін білмеймін. Иә, ешкімге керек емес екенімді де білемін. Бәрінен бұрын асыл әжемді қатты сағынамын”.

Эля осылайша ағынан жарылыпты. Бағдарламаға сарапшы ретінде қатысты психолог өз кезегінде жезөкшеге жақтасып сөйледі. 

“Эляның жағдайын жақсы түсініп отырмын. Ол бала кезінде психологиялық жарақат алған. Соның салдарынан өмірінде осындай мәселелер туындады. Ол әлі де болса өз басындағы қиындықтардан қалай шығу керектігін білмейді”, – деді Венера Тельжан.

https://kaz.365info.kz/molda-nekemizdi-khiyp-sharuasyn-bitirgen-son-meni-talakh-etti-zhezokshenin-zhazbasy-270547

Бәрін қойшы, бағдарламаға жезөкшені шақырған дұрыс па осы? Оның өмірінен кім, қандай үлгі алады? Оның сөзі кімге сабақ болады? Бес жыл бойы осы “кәсіптің” соңында жүрген жезөкше енді тура жолға түспесі белгілі ғой? Бұған Ләйлә Сұлтанқызы не дер екен? 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз