Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қостанайда полиция қызметкері өзін түрмеге қамауды сұрады

Қостанай сотында 25 жастағы жол-патруль қызметінің сержантына қатысты іс қаралды. Ол „Қызмет бабында пара алды„ деген бап бойынша айыпталды.

Еске сала кетелік, биыл 3-шілдеде сержант Е.М. жұмыс кезінде жолда ресейлік нөмірі бар көлікті тоқтатады. Оның жүргізушісі арақ ішіп алған болып шығады. Жүргізуші бірден өз айыбын мойындап, оны қалай жууға болатынын сұрайды. Сол кезде жас сержант телефонынан 70 мың деген цифрді теріп, көрсетеді. Бірнеше минуттан соң мас жүргізуші хабарласқан адам ол соманы оқиға орнына алып келеді. Қызметтік көлікте сержантқа 50 мың теңге табыс етіледі. Ал қалған соманы жігіттер кейін беретін болып уағдаласады.

Екі аптадан соң көлік жүргізушісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органына шағымданады. Келесі кездесуде жүргізуші сержантқа 10 мың теңге береді. Сол арада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Е.М-ның қолына кісен тағады.

Сотта сержант өз кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрады. Прокурор соттан Е.М-ға қатысты 3,6 миллион теңге айыппұл салып, барлық мүлкін тәркілеп, құқыққорғау органында енді жұмыс істемейтіндей жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы оның сержант атағын алып, оның астындағы „Лада„ көлігін мемлекеттің меншігіне қайтарауды талап етті.

Алайда адвокат сот отырысы кезінде сотталушыға салынған айыппұлды 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына айырбастауды сұрады. Өйткені сотталушының қомақты көлемдегі айыппұлды төлеуге ақшасы жоқ екені белгілі болды.

Қостанайлық бұрынғы полиция қызметкерінің әйелі және бір жастағы баласы бар екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз