Қостанай облысындағы Набережное елді-мекенінде жоғалып кеткен 3 жасар балақайдың табылғаны белгілі болды.
Алдында Қостанай облысында полиция мен ауыл тұрғындары жоғалып кеткен 3 жасар баланы іздестіріп жатқаны хабарланған.
Анасының айтуынша, бала 11 және 13 жастағы өз ағаларымен ойнауға көшеге шығып кеткен. Алайда кішкентай балақан ағаларына бармаған. Кешке ойыннан оралған балалар үйдің кенжесін мүлде көрмегенін айтқан.
Аталған жайтқа байланысты іздеу шарасы ұйымдастырылды. Оған төтенше жағдай қызметінің, полицияның қызметкерлері мен ауыл тұрғындары тартылды.
“Сергей Соколенко ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Оны полиция қызметкерлері тапты. Баланы дәрігерлер тексерді. Денсаулығы бірқалыпты, жағдайы жақсы. Бала ата-анасының қолына табысталды. Көмек көрсеткен барлық адамдарға рахмет” делінген жергілікті ішкі істер департаментінің әлеуметтік желіге таратқан хабарламасында.