Өскеменде Telegram желісінде «қаржы пирамидасын» жарнамалаған әйелге 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Соттың мәліметінше әйел Telegram-дағы топта «N» қорының (қаржы пирамидасы) қызметін бейнепрезентациялар орналастыру арқылы жарнамалаған.
«Сот отырысында азамат Т. кінәсін мойындамай, құқық бұзушылық жасағанын жоққа шығарды. Өз түсінігінде ол 2023 жылдан бастап Люксембургте тіркелген және сол елдің заңнамасына сәйкес әрекет ететін «N» қорының инвесторы екенін айтты», – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ешкімді қорға тартпағанын, жарнама жасамағанын, дайын слайдтарды оқығанын, ақпаратты жақсы меңгергендіктен өзгелерге жеткізе алатынын алға тартты.