Бүгін таңғы сағат 7.50-де Өскемендегі «Электротовары» аялдамасында трамвай 75 жастағы әйел адамды қағып кетті.
Облыстық ішкі істер департаменті қазіргі уақытта әйелдің бірінші қалалық аурухананың ота жасау бөліміне жатқызылғанын мәлім етті. Белгілі болғандай, зейнеткер №3 бағыттағы трамвайдың соңынан жүріп келе жатқан келесі трамвайдан түсіп, оның алдын кесіп өтпекші болған. Көлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп апарған. Әйелдің аяғын кесіп кеткен.