Табельдік тапаншасын жоғалтқан қызметкермен бірге басшылық бірден 12 полицейді жұмыстан қуып шықты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
«Макаров» тапаншасының қашан және нақты кім жоғалтқанын ішкі істер департаментінің өзі құпияда ұстап отыр. Тек қалалық ішкі істер бөлімінде қызмет еткені белгілі. 12 адам қызметтен қуылғанымен жоғалған тапанша әлі табылмаған.