Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерді. Енді жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-13:30 аралығында болады.
Жаңа кесте тек Өскеменде ғана емес, облыстың барлық қала-аудандарында да енгізілді. Бұған дейін жұмыс уақыты Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында өзгертілген болатын. Бұл аудандарда да енді жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады.