Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Өскемен тұрғыны қызының діни ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

Өскемендік тұрғынның айтуынша, мектеп бітіретін қызы алдымен “оқуға түспеймін, жұмыс істеп отбасына көмектесемін”
деген көрінеді.

40 жастағы ана жолдасымен ажырасып жатқандықтан, бастапқыда қызының бойынан қандай да бір өзгерісті байқамапты.
Алайда бірде қызы “жақсы адамдарға жолыққанын, олар ақшасы көп жұмыс тауып беретінін” айтқан екен. Анасы бұған да келісіпті.

Уақыт өте келе қызы “бір адамды кездестіргенін, сонымен шаңырақ көтерітін” мәлімдеген.

Анасының қарсылығына қарамастан, қызы сол бейтаныс адамға тұрмысқа шығып, үстіне “хиджаб” киген. Сосын оның намаз оқу мәнері де өзгеріп, туыстарымен, жақындарымен араласудан қалған.

Дегбірі қашқан тұрғын бірден арнайы теолог-мамандарға жүгініп, қызына кеңес беруді өтініпті. Алғашында, не анасының, не мамандардың сөзіне құлақ аспаған бойжеткен, біршама уақыттан соң, өзінікі қате екенін түсініп “бұрынғы өміріне” қайта оралыпты.

Басылымның мәліметінше, бойжеткен алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп, психолог мамандығын алуды көздеп жүр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз