Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Өсімқорлар шабуылдауда: МҚҰ үштен бірге көбейді

Олардың саны Қазақстанда үнемі өсіп отырады. Өткен жылы МҚҰ саны 157-ден 199-ға дейін өсті. Биылғы жылдың 1 қазанында олардың саны 225-ке жетті. Бұл ретте:

  • 2019 жылдың қазан айынан бастап елімізде МҚҰ саны 56 бірлікке артты (33%)
  • тек соңғы тоқсанда (шілде-қыркүйек 2020) жаңа МҚҰ орта есеппен әр 13 күн сайын пайда болды

Соңғы жылдары республикада микроқаржы ұйымдары санының күрт өсуі екі кезеңде жүзеге асты. Біріншісі 2019 жылдың соңында — қазан-желтоқсан айларында олардың саны 30 бірлікке артты. Екіншісі — 2020 жылғы карантин кезеңінде: сәуір-маусым айларында тағы 17 МҚҰ қосылды.

Рекордтық деңгейдегі пайда

МҚҰ саны ғана емес, түсіретін пайдасы да өсуде. Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша барлық микроқаржы ұйымдарының жиынтық бөлінбеген пайдасы 18 млрд 557,3 млн теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда (шамамен 16,6 млрд) және алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 804 млн-ге (немесе 4,5%) көп.

Сонымен қатар, 2020 жылдың үшінші тоқсаны ең “майлы” кезең болды. Ұлттық банктің мәліметінше, шілде-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша бөлінбеген пайда 8 млрд 389,2 млн теңгені құрады.

Алдыңғы рекорд 2020 жылдың бірінші тоқсанында орнатылды: пайда 7,4 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Алайда, барлық МҚҰ пайда тапты деуге келмейді. Ұлттық Банктің мәліметі бойынша 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 130 МҚҰ оң есеппен жапса, тағы 15-і бұл кезеңді нөлмен аяқтағандығы байқалады.

Тиісінше, 81 МҚҰ минуста жұмыс істейді — қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша жиынтық минус 1,9 млрд теңгеден асады.

Клиенттер банктерге қарағанда көп

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша микрокредиттер көлемі (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) 380,5 млрд теңгені құрады. Соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 37,2% – ға немесе 103,1 млрд.теңгеге өсті.

Микрокредиттерге сұраныстың өсуі III тоқсанда тарихтағы ең жақсы кезең болды — 3 айда берілген қарыздар көлемі 25,4 млрд теңгеге ұлғайды. Мұндай сұраныс екі-ақ рет болған: I тоқсанда 2015 (+29,5 млрд) және II тоқсанда 2020 (+39 млрд).

Жеке тұлғаларға берілген және төлем мерзімі өтіп кеткен микрокредиттердің үлесі 2020 жылғы 1 қазанда 13,2%-ды құрады. Төленбеген қарыздардың үлесі 90 күннен асады (NPL) — 6,7%. Заңды тұлғалар бойынша жалпы жағдай біршама жақсы – тиісінше 9,7% және 4,5%.

Салыстыру үшін: қазақстандық банктерде мерзімін өткізіп алу көрсеткіші 13,2%-ды, ал NPL — 8,1%-ды құрады. Яғни, МҚҰ-дағы несие портфелінің сапасы жалпы Екінші деңгейдегі банктерге қарағанда нашар емес.

МҚҰ активтері өте жылдам қарқынмен өсуде — 12 айда жиынтық көлем 46,8%-ға немесе 156,4 млрд теңгеге ұлғайды. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша — 490,3 млрд. Бұл ретте осы соманың 56%-ы небәрі үш ұйымға тиесілі:

156,5 млрд теңге — “KMF (КМФ) микроқаржы ұйымы”. Бұл жерде айта кету керек, ұйым көлемі бойынша 8 банктен де алда келеді!

77,1 млрд — “Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» микроқаржы ұйымы” ;

41,1 млрд — “ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымы”;

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз