Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Орыстың ұлы өтірігі”. Гагарин тұңғыш космонавт емес екен

619

Гагаринге дейін ғарышты бағындыруға талпыныс жасалды. Ондаған адам ғарышқа көтерілді. Бірақ түрлі себеппен барлығы сәтсіз аяқталды.

Оны кешегі күнге дейін бұрынғы Кеңес елі, одан кейін Ресей ғарыш орталығы жасырып келді. Қаза болған ғарышкерлердің аты-жөні еш жерде айтылмады. Құпия сақталды.

Тек соңғы уақытта Кеңес империясы кезінде болған ақтаңдақ ашыла бастады. Соның бірі осы ғарыш саласында болған сәтсіздіктер еді.
https://kaz.365info.kz/40-zhyl-bojy-yshyp-barady-voyadzher-1-din-tarihy-279023
Енді нақты деректерге үңілетін болсақ, ғарышқа ұшқандардың саны он екі адам. Бірінші – 1957 жылы 1 қарашада көк зеңгірге құлаш ұрған адам Алексей Ледовский. Ол Капустин Яр полигонынан адам басқаратын баллистикалық зымыран арқылы көтерілген. Бірақ зымыран жарылып, ұшқыш қаза болды. Алайда Кеңес елі «ғарышқа ұшқан адам емес, Рыжая және Джойна деген екі ит еді. Солар өлді» деген әңгіме таратты. Өзгелер де алғашқы ғарышкердің кейпін киді. Ғарыш апараттарының жарылып кетуінен қаза тапты. Тіпті кейбір аппараттар жерден басқаруға көнбей, ғарыш кеңістігінде космонавпен бірге жоғалыпта кетті. Әр жылдары ғарышқа ұшуға талпыныс жасаған ұшқыштардың ішінде әйел ғарышкер Мария Громова да бар еді.

Қысқасы, 1957 жылдан 1961 жылы 12 сәуірде Гагарин ғарышқа көтерілгенге дейін КСРО АҚШ-тан бұрын көкті бағындыру үшін он екі мәрте талпыныс жасады. Бәрі сәтсіз аяқталды.

Бір ғана мысал: ағайынды итальяндық Ахилл мен Джованни Баттиста Джудика Кордильовтар 1957 жылы Турин қаласының маңында неміс-фашистерінен қалған бункерге станса орнатып, ғарыштан естілетін дыбысты зерттейді. Олар

Гагарин ұшқанға дейін талай мәрте ғарыштан жанұшыра көмек сұраған космонавтардың дауысын естіген, тіпті қырылдап өліп бара жатқандардың да үнін жазып алған. Олардың бәрі орыс тілінде сөйлегендер екен.

Демек, Кеңес елі Гагаринге дейін көкті бағындыруға талпыныс жасағанын осыдан-ақ білуге болады.
https://kaz.365info.kz/masondar-togyz-belgisiz-adamzattyn-bolashagy-kimnin-kholynda-322480
Қазір Гагариннің өлімен байланысты және оның көкке ұшпағына жайлы өтірік-шыны аралас алыпқашпа әңгіме көп. Соның біріне тоқталалық. Гагариннің ғарышқа ұшуын ұзақ уақыт зерттеген – чех журналисі Ян Бервид-Букуа «Ол ғарышқа ұшқан жоқ» деген байлам жасаған.

«Гагарин көкке көтерілген жоқ. Рас, аспанға адамсыз жерден басқарылатын «Восход» деген кеме көтерілді. Ал Гагарин ғарыш орталығында арнайы жасалған кабинада отырды. Сол жерден көкке ұшып бара жатқандай сөйледі», дейді. Сондай-ақ Ян «мұны АҚШ-та білді. Бірақ үндемеді. Өйткені екіжақты келісім болды. Себебі сол тұста екі ірі империя арасында қарусыздану мәселесі туралы келіссөз болып жатқан. Вашингтонның айтқанына Мәскеу көнген.

Соның есесі ретінде Ақ үй Гагарин ұшпаса да, ұшты» деп, әлемге жар салған Кремльдің «урасын» қолдады.

Өйткені ғарыштан гөрі, жердегі атом қаруы АҚШ-қа маңызды еді» дейді.

Ал Гагариннің өлімі жөнінде чех журналисі «жалған космонавт» деген атақ алып, жер бетіне даңқы кеткен Гагарин ішімдікке көп салынып жүрді. Кей жерлерде «ғарышқа ұшпағанын, оның бәрі қып-қызыл өтірік, үгіт-насихат екенін» жайып салған көрінеді. Мұны Кремль де естиді.

Мұндай әңгіме көбейе берсе, КСРО-ның тұңғыш болып ғарышты бағындыруы өтірік болып шығатынын ойлаған билік, ретін тауып Гагариннің көзін жойды» дейді.

Кім білсін? Бәрі мүмкін. Дегенмен Гагариннен бұрын ғарышқа он екі адам ұшқаны шығар күннің көзіндей шындық екені жөнінде дерек көп.

Біздің айтпағымыз осы еді.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/biyl-kyzde-zher-betin-eki-aptalykh-khara-tynek-basady-nasa-268906

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз