Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Орыстар, қазақша үйреніңдер, не Ресейге кетіңдер! – ресейлік редактор

111

Әрине, бір қарағанда, орыс журналисінің айтып отырғаны көңілге майдай жағады. Бірақ осынысымен орыстарды тілдік тұрғыда қысып жатыр деген ресейлік журналистің өтірігі шымбайға қатты батады екен.

Шындығында,

Қазақстан тәуелсіздік алғалы орыс түгілі, қазақтың өзін қазақша сөйлете алмай жүрген жайымыз бар.

Ал өзге ұлтқа мемлекеттік тілді мәжбүрлеп үйрету ойымыз түгілі, түсімізге де кіріп-шықпаған.

Қазір не көп. Орыс мектебі көп. Орыс басылымдары көп. Не жетіспейді? Қазақ сыныбы жетіспейді? Үш ауысымда оқып жүрген кім? Тағы да қазақ балалары. Осыған қарап, қалай орыстарды қысып жатыр дейсіз?

Эмоцияны қоя тұралық…

Не де болса, ресейлік басылым редакторының өтірік-шыны аралас сөзін ары қарай жалғалық.

– Менің ұққаным, 20 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, Қазақстанда өзіңді жайлы сезіну үшін міндетті түрде мемлекеттік тілді білуің керек. Қазақша сөйлесең, өзіңді осы елдің адамы, нағыз азаматы ретінде сезінесің, екі тілді меңгерсеңіз, тіпті, жақсы, мұндайда ешнәрсеге бас ауыртпайсың, ал егер тек орыс тілді болсаңыз, онда сені үлкен қиындықтар күтіп тұр!

Өйткені Қазақстанда қазір кеңес кезіндегі орыстілді буын саяси сахнадан кетіп, олардың орнын ұлттық мүддеге басымдық беретін жастар басуда. Ал оларға орыс тілін білу міндеттелмейді, бұл олардың өз еркіне қалдырылған. Керісінше, мұнда ісің өрге дөңгелесін десең, орыс тіліне қарағанда, ағылшын тілін білу әлдеқайда маңыздырақ.

Әрине, тілдік саясатта „жұмсақ саясат„ қолданылғанымен, күн өте орыстілді қауымға „есіктер жабылып„ жатыр. Қазір ондағы халық мемлекеттік тіл білмесең, автоматты түрде бөлектеп тастайтын ыңғайсыз жағдайға тап болатынын жақсы түсініп келеді. Ал кім бөлектелгісі келеді дейсіз? Бұл мәселені шешудің екі жолы ғана бар:

«қазақ тілін үйреніңдер немесе Ресейге кетіңдер».

Қазақстандықтар Ресейге ыждаһаттылықпен көшіп жатыр деп айта алмаймын.

Оларды ешкім қуып, немесе мәжбүрлеп жатқан жоқ. Бірақ… Оларды алып қалғысы келіп жатқан да ешкім жоқ.

Қазақстандағы орыстар тек біртілді, сондықтан да тілдік қыспаққа түсіп қалуда. Олар қызметте де жоғарылай алмайды.

Мен сөйлескен орыстардың барлығы дерлік отбасын Ресейге көшіріп алғандар немесе таяу болашақта тарихи отанына қоныс аударғалы жүргендер. Мен бұл арада бір жағдай туралы айтып отырғаным жоқ, бұл – экономикалық және саяси мәні бар жаппай құбылыс.

Әрине, Қазақстандағы ұлттық мәселенің қозуына басқа елдердегі жағдай әсер етіп кеткен.

“Қырым көктемі” мен Донбастағы соғыстан соң, Қазақстанда ұлттық мәселе бірден ушығып кетті. Мұнда әр тараптың өз шындығы, өз жақтастары бар. Қалай дегенмен де тілдік және ұлттық мәселе Қазақстанда біртіндеп жойылады. Өйткені мемлекеттің таңдаған, Ресейге арқа сүйемейтін өз даму жолы бар.

Сондықтан Қазақстан мен басқа да “орыс әлемін” өз жөніне жібергеніміз жөн. Бұл әлем мәдени кеңістікте өміршең болғанымен саяси жағынан баянды емес. Орталық Азия елдері өзіндік ұлттық мемлекет құруда, олардың өміршеңдігін алдағы 10 жылдық анықтайтын болады. Біз осыны дұрыс түсініп, оны қабылдауымыз керек. Бізде одан басқа жол жоқ”.

Қазақстанды аралап қайтқан ресейлік басылым редакторының біз туралы субъективті пікірі осындай. Орыстілді өңір, қазақтілді өңір деп бөлетін сөзін әдейі аудармадық. Ол арада жымысқы пиғыл айтпаса да мен мұндалап тұр.

Қалай дегенмен де біздің аңсайтын арманды қозғаған болып, сонымен қатар, Қазақстандағы орыстар мәселесін көтеріп, тілдік, ұлттық мәселені көсеп, қоздырып кеткен оған қарсы қисынды уәж айтуға болар еді.

Бірақ естімейтін құлаққа алтындай сөзді қор қылуды жөн көрмедік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз