Ресейлік ғалымдар Арктикадағы аязға төзімді киімді ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.
Ол көмірсутегі шикізатынан жасалған. Жылуды сақтайтын материалдың жиынтықтары Арктика жағалауында орналасқан арнайы бөлімшелерде сараптамадан өтті.
Киім жиынтықтарының бірнешеуі Арктикадағы әскерилерге тігілді. Сондай-ақ зерттеу барысында нормативті құжатқа толықтырулар енгізіп, ендігі аталған материалды патенттеуге өтініш те берілген.