Димаш Құдайберген Францияның «France 2» орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы «Les années bonheur» кабаре шоуының құрметті қонағы болып, өнер көрсетті.
Бұл бағдарлама кеше – 6 мамыр күні Франция уақытымен 20:55-те болды. Біз соның Youtube желісіне жүктелген видеосын жариялап отырмыз.
Айта кетелік,
Димаштың бұл орындауынан соң әлеуметтік желідегілер талқысында көп сын орын алды. Сын Димашқа қатысты емес, Францияның телевидениясына қатысты болып келеді.
Өйткені телебағдарлама тек бір камерамен түсірілген, оның үстіне оркестрдің дыбысы өте солқын, дұрыс бере алмаған. Сондықтан “Концерттік бағдарлама жасауда Қытай Батысты басып озды” деген пікірлер айтылып, жазылып жатты.
Сол секілді бұл бағдарлама наурызда түсірілгені, яғни Димаштың ауырып жүрген кезінде түсірілгені де айтылады. Бірақ соған қарамастан Димаш француздықтарды аяғынан тік тұрғызып, бастарын шайқатып, әбден тамсандырды.