Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Орталық Азияның жартысы орыс тілінде сөйлемейді — шолу

408
russkiymir.ru

1989 жылғы халық санағы бойынша, Кеңес Одағы тұрғындарының 80 пайызы орысша сөйлеген. 2019 жылы барлығы түбегейлі өзгерді. Бүкіл Орталық Азияда (Қазақстаннан басқа) тұрғындардың жартысынан астамы орыс тілінде сөйлемейді.

— Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін орын алған өзгерістерді ескере отырып, орыс тілі қоғамдық кеңістіктен жоғалып барады деп әділ айтуға болады, – дейді тәуелсіз зерттеуші Нұрбек Бекмұрзаев CABAR.asia сайтындағы мақаласында.

Бұл ретте аймақтың әр мемлекетінде орыс тілі мәртебесінде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Және әр елдің бұған өз себебі бар.

Түрікменстан: орыс тілі орала ма?

Түрікменстанда орыс тілі жаппай эмиграцияға байланысты бұрынғы позициясынан айырылды

Орыс тілінде сөйлеушілер саны үш есеге қысқарды (нақты деректер жоқ). Айтпақшы, орыс тілінде тек орыс ұлтының өкілдері ғана емес, сонымен қатар кәрістер, немістер, армяндар және басқа да диаспоралар сөйлейді. Олардың басым бөлігі астана мен облыс орталықтарында тұрып келген.

Бірақ қазір тілге деген қызығушылық қайтадан артты — бұған білім деңгейінің төмендеуі себеп болғаны болжанады. Орыс тілді ақпараттық орта ресми тілге қарағанда басымдыққа ие.

Егемендік алғаннан кейін елде бірден “жаппай түрікменизация” үрдісі басталған болатын

— Орыс тілі Түрікменстанның ресми тілі болудан қалды. “Негізгі ұлт” деген жаңа сөз тіркесі жиі қолданыла бастады. Мұндай құрылымдық өзгерістер негізгі ұлтқа жатпайтын азаматтардың жаппай қоныс аударуына әкелді, — дейді автор.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындары түрікмен ұлты емес жастарды қабылдауды қысқартты. Бұл көші-қон ағынын одан әрі күшейтті.

— Білім беру реформалары орыс тіліне қатты соққы болып тиді. Нәтижесінде орыс тілін оқыту айтарлықтай қысқарды. Орыс мектептері алдымен түрікмен мектептерімен аралас болды, кейін мүлдем жоғалды. Кей кездері тек 1-2 орыс сыныптарын қалдырғаны болмаса.

Орыс тілінде оқыту қысқарған соң, сондай-ақ мемлекеттік сектордағы “түрікмензацияға” байланысты жас ұрпақ орыс тілінде сөйлеуді доғарды

Сонымен қатар 1990 жылы орыс тіліне “қосымша тіл” ретінде түрік және ағылшын тілінде бәсекелестер пайда болды, — дейді автор.

Алайда

ағылшын да, түрік тілі де “қарым-қатынас тіліне» айнала алмады

Ағылшын тілі “табыстылық пен білімділіктің белгісі” болды.

Сондықтан орыс тілі қарым-қатынас тілі және “тіл-құрал” болып қала берді.

Түрікменстанда орыс тілінің бірнеше сценарийі бар

Жоғарыда айтылғандай, орыс тілі қайта оралуда және оған бірнеше себеп бар. Атап айтқанда, орыс тілін білу — бұл орыс тілді елде білім алуды жалғастыруға жақсы мүмкіндік.

Мысалы, тек белоруссиялық жоғары оқу орындарында Түрікменстанның 8 мыңға жуық жас азаматы білім алуда

Ал ел ішінде білім өте төмен деңгейде — мектепте де, жоғары оқу орындарында да.

Ресейлік БАҚ-тардың, әлеуметтік желілердің, жалпы интернет-ресурстардың танымалдығы өз рөлін атқарды. Дегенмен түрікмен және түрік тілдеріндегі контенттің де үлесі бар.

— Бастапқыда түрікмен интернетін негізінен орыс тілді қалалық тұрғындар пайдаланды. Кеңірек аудиторияны қамту үшін хабарландырулар мен жарнама көбіне орыс тілінде берілді. Бұған дәлел ретінде, көптеген бұрмаланған орыс тіліндегі жарнамаларды айтуға болады.

Орыс тілін ыңғайлы болғаны үшін емес, өзекті болғандықтан көбірек таңдалатын сияқты,

– дейді автор.

Сонымен қатар, тіл білу қалалардағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

Алайда автор орыс тілінің болашағын болжаудан бас тартқан. Бірақ әлі де ол сақталады деген үлкен ықтималдылық бар.

Ағылшын тілі жақын болашақта оған бәсекелестік бола алмайды,

өйткені жаппай оқыту үшін өте көп білікті педагог қажет. Ал түрікмендік білім беру жүйесі мұны бере алмайды.

— Алайда, орыс тілін көпшілікке тарату бойынша бұқаралық науқан жүргізу мүмкіндігінің қарастырылуы екіталай. Түрікменстандағы экономикалық жағдай саяси жағдаймен қатар орыс тілді халықтың, тіпті орыс тілді түркімендердің де біртіндеп көшіп кетуіне ықпал етіп жатыр. Мұндай сценариймен орыс тілі болашақта қоғамдық тіл өрісінен жоғалып, Түркіменстанның ірі қалаларында ғана қалады, — деп жазады автор.

Тәжікстанда ресейлік масс-медиа өте танымал

Тәжік политологы Мүслімбек Буриев елде орыс тілі әлі де маңызды роль атқарады деп санайды.

Тәжікстандағы орыс тілінің жағдайы түрікмендерге ұқсас.

Бұрынғы кезде орыс тілінің мансаптық артықшылығы ғана емес, әлемдік мәдениетке қол жеткізу мүмкіндігі де болды

Шетелдік көркем әдебиет пен ғылыми жұмыстар негізінен орыс тіліне аударылған. Деңгей, бірінші кезекте, орыс тілді халықтың кетуіне байланысты төмендеді.

Азаматтық соғыс пен ұлттық құрылымдық саясат өз үлесін қосты

Орыс тілді халықтың 70%-ы тоқсаныншы жылдары көшіп кетті. Бірақ тіл бұрынғыдай барлық жерде сұранысқа ие — бизнестен өнерге дейін. Сонымен қатар, ресейлік масс-медиа (негізінен ТВ) және интернет-ресурстар танымал.

— Академиялық салада орыс тілі маңызды мәнге ие, себебі академиктердің ғылыми және біліктілік жұмыстары Бүкілресейлік аттестаттау комиссиясы (БАК) арқылы өтуге құқығы бар. Осыған байланысты барлық еңбектер орыс тілінде ұсынылуы қажет. Бұл жергілікті ғалымдар арасында кең таралған, өйткені ресейлік білім жоғары бағаланады, ал ресейлік БАК берген ғылыми сараптама қосымша бедел береді, — деп жазады Буриев.

Дегенмен, жергілікті Комиссия ағылшын тілінде де жұмыстар қабылдайды. Ал қандай да бір басқа тілде – жоқ.

Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ресми түрде тәжік конституциясымен бекітілген. Әр мектепте міндетті түрде орыс тілі оқытылады. Егер оқыту тәжік тілінде жүргізілсе, орыс тілі екінші сыныптан қосылады.

— Орыс тілі ұлтаралық экономикалық-саяси қатынастар деңгейінде өзіндік саяси мәртебеге ие болды. Алайда, Тәжікстандағы кейбір саяси факторлардың арқасында оның ішкі процестер үшін де маңыздылығы артты, — деп атап өтті сарапшы.

Жалғасы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз