Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Орталық Азияның одаққа бірігуіне өзге елдер қалай қарайды?

«Менің айтпағым, болашақта Орта Азия кеңістігінде нақты стратегиясы бар одақ құрылуы мүмкін бе? Мүмкін. Бірақ, қиындығы көп. Мұның түрлі саяси себептері бар», – деді ол.

Ал профессор Болат Сұлтановтың айтуынша,  Орталық Азия бөлек одақ, бөлек нарық ретінде өзге ұйымдармен әріптесіп жұмыс істеуге әзір дайын емес.

«Бұған кім және не кедергі деген сауалға тоқталайық. Бір кездері мұның басты себепшісі марқұм Ислам Кәрімов еді. Кәрімов көп тарапты әріптестікке қарсы болды. Мұндай әріптестіктің түрін қолдамады ол. Сосын ең басты фактор. Аймақтағы мемлекеттер біржақты келісімге келе алмай отырған жағдайлар көп. Оның ең бастысы су-энергетикалық ресурс. Су мәселесі шешілмей аймақтағы елдердің одаққа бірігуі де мүмкін емес», – деді Сұлтанов.

Сарапшы Рұстам Бұрнашевтың пікірінше, Орталық Азия ешқашан бір болмаған. Кеңес Үкіметінің өзі Қазақстан мен Орта Азияны екі бөлек алып қарастырған.

«Кедергілер де бар. Соның бірі Еуразиялық экономикалық одақ екенін естен шығармаған жөн. Қазақстан мен Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Олар бір одақта жүріп, бір одаққа қосыла алмайтыны бесенеден белгілі» деді ол.

Өз кезегінде «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы қоғамдық қорының президенті Гүлмира Илеуова: «Одақ туралы мәселе көтергенде бұған жалпы жаһандық деңгейде елдердің қалай қарарын, олардың стратегиясын ескеру қажет. АҚШ-тың мақсаты бұл аймақта түгелдей, таза шынайы демократия ортану.  Еуразиялық экономикалық одақ таза Ресейдің жобасы. Қытайдың да өз көздегені бар» деді ол.

Ал саясаттанушы Әділ Кәукенов әріптестерінің сөзіне қарсы шықты. Оның айтуынша, Орта Азияның одаққа бірігуіне жол ашатын алғышарттар өте көп. Бұған географиялық және мәдени фактор себеп болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз