Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Орталық Азия елдерінде президенттер қандай көлікке мінеді (фото)

155

 

 

Mercedes-Benz S600 Pullman Guard көлігінің құны 170 мың доллардан басталады. Мұндай көлікке әдетте Ресей президенті де отырғанды ұнатады.

 

Лимузин винтовкадан жауған оққа және 15 келілік жарылыс затына төтеп бере алады.

Maybach 62 көлігі болса, кемінде 115 мың доллар тұрады. Бұл көліктің қозғалтқыш көлемі – 5,5 литр.

 

Әрбір Maybach 62 көлігі клиенттің жеке қалауларын ескере отырып жасалынады.

Қырғызстан.

Сооронбай Жээнбеков Mercedes-Benz S600 W221 көлігіне отырады.

 

Көлік 100 шақырымды небәрі 4,6 секундта жүріп өте алады. Оның құны – $100 мың.

 

Одан бөлек Сооронбай 99 мың долларлық BMW 760 Li High Security көлігін құп санайды. Бұл көліктің де қорғаныс деңгейі жоғары.

 

 

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Mercedes-Benz 600 Pullman W220 көлігін таңдаған.

 

Түркіменстан.

 

Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердымухамедов «мерседес» пен «майбахтардан» бөлек Bugatti Veyron көлігіне отырғанды жөн санайды.

 

Мұндай көліктің құны әдетте 2 500 000 доллардан басталады.

 

Өзбекстан.

 

Шавкат Мирзиёев әдеттегі “мерседестерден” бөлек, Chevrolet Malibu көлігінде жүйткиді. Аталмыш көліктің құны – 30 мың доллар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз