Астанада жалпы отырысы өтіп жатқан Астана экономикалық форумы аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасыл экономиканы дамыту жөнінде жол картасын әзірлеуді ұсынды.
«Бүгінде ғарыштың пайдасын қуамыз деп, қоршаған ортаға қатысты кешенді мәселелерді назардан тыс қалдырып жүрміз. Климаттық өзгерістерге қарсы іс-қимылдар туралы жаһандық бастама өте маңызды. Дегенмен, өзге де мәселелерді ұмытуға болмайды. Париж келісімі негізінде жасыл экономиканы дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуді ұсынамын. Бұл жол картасы атмосфераға шығатын зиянды қалдықтардың көлемін азайтып қана қоймай, жер мен олардың құндылығын, судың азайып, биоортаның бұзылмауына, суларын сақтауға ықпал етуі керек. Дәл осы мәселелер көптеген дамушы елдер үшін маңызды болып отыр. Бұл жерде, қоршаған орта үшін мемлекеттер ғана емес, жергілікті корпорациялар да жауапты болуы керек»,
– деді Н.Назарбаев.