Мына видеоны көргенде жұрт жағаларын ұстапты.
АҚШ-тың Вентура қаласындағы Cronies спорт барының қызметкері ғимаратта елес бар екенін мәлімдеп, тіпті оны видеоға түсіріп алыпты.
Видеожазбада орындықтар өздігінен құлап, орнынан жылжыған.
Автор бір емес, екі видео жүктеген. Біріншісінде түн ортасында бос мейрамханада орындықтардың бірі еш себепсіз құлаған. Ал екінші жазбада адамға лық толы кафенің ішінде орындық өздігінен орнынан қозғалған.