Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы сатылды. Электронды сауда-саттық арқылы саудаланған нысан құны 5 жарым млрд теңге.
Бұл ақпарат gosreestr.kz сайтында жарияланды.
Облыстық қаржы басқармасы өкілінің ақпарынша, клуб кейіннен сатып алу құқығымен 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріліп отыр. Тек содан соң ғана жаңа қожайын тиісті соманы төлеп, сатып ала алады. Оған дейінгі аралықта жаңа қожайын «Ордабасыны» қаржыландыруға 120 млн теңге құя отырып, барлық жұмыс орындарын сақтап қалуға міндетті.