Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Оралда мас жүргізуші екі адамды қағып кеткен

Соның салдарынан «Вольво» автокөлігінің 1983 жылғы Г. деген жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оған қоса БҚО полиция департаменті жол-патрульдік полиция батальонының 1990 жылғы инспекторы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін «ВАЗ-21150» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалауға тырысты, алайда полиция қызметкерлерінен құтыла алған жоқ. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші орта дәрежедегі мас күйінде болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған жүргізуші ҚР Қылмыстық істер жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің екі адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз. Осыған дейін Оралда автокөліктің екі адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз