9 желтоқсан күні Оралда құрылыс нысанында оқыс оқиға болды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 1968 жылғы ер адам қауіпсіздіктің сақталмауы салдарынан Зачаган кентінде салынып жатқан нысаннан құлаған. Марқұм сол күні сағат 12.00-де облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөліміне сәйкес, яғни „Еңбек қорғау ережесін бұзу„ бойынша қылмыстық іс қозғалып, Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.