Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Оралда екі күн бұрын біреудің көлігін ұрлап кеткен 9 жасар бала тағы бір көлікті айдап кеткен

Кәмелетке толмаған бала 9 тамыз күні кешкі сағат 22:00 шамасында Орал қаласындағы Омега көпірі орналасқан ауданда «Теремок» дүкеніне жақын жерде тұрған «Тойота» көлігін айдап қашып кеткен.

«Мен досыма келіп, аулаға кірдім. Біз біраз отырдық. Досыммен әңгімелесіп болғаннан кейін сыртқа шықсам, көлігім жоқ. Сол кезде көлік ашық қалуы мүмкін, бірақ кілт өзімде болды. Ол қандай да бір жолмен көлікті оталдырған болып тұр. Ал, сынық ескі кілт көлікте болған», – дейді Toyota көгінінің иесі Юрий Васильев.

Айта кету керек, бала көлікті ұрлап кеткеннен кейін, көпірдің астындағы бағанаға соғылған. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 9 жасар бала 6 тамыз күні де өзгенің көлігін айдап қашам деп жол апатын жасаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз