Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Оралда бір бала мен екі келіншекті айуандықпен өлтірген жігіт тұтқындалды

Қамалов бұған дейін ұрлық жасағаны үшін істі болған. Балалары бар. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Күдіктінің айтуынша, ол қылмыс жасамас бұрын спирттік ішімдік ішкен.

«Қамалов өзі өлтірген адамдармен жақсы таныс болған және олардың үйлеріне жиі келіп тұрған», – деді Ищанов.

Кінәсін мойындаған күдіктінің сөзіне қарағанда, ол әуелі өзімен бірге тұрғысы келмеген келіншектің құрбысын пышақтап өлтірген. Кейін оның 2014 жылғы баласының және әйелдің өзінің жанын қиған. Олардың әрқайсысысына 18-ден астам рет пышақ жұмсаған.

Қанды оқиға 5 қыркүйекке қараған түні сағат 02.00 мен 04.00 арасында болған. Содан кейін қылмыстың ізін жасыру пиғылымен үйді өртеген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес (екі және одан көп адамды қасақана өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті бұл бап бойынша 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚазАқпарат

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз