Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Оралда 25 жастағы жігіт анасының көзінше баласын ұрлап қашты

Дегенмен көп ұзамай жеткен полицейлер жедел іздеу шаралары кезінде оны ұстап алды. Қаскөйдің есірткі мен алкогольге мас болғаны анықталып отыр.

“102 пультіне шақырту түсті. Көкшетау көшесіндегі “Кулинария” дүкенінің маңында анасымен серуендеп жүрген баланы ұрламақ болды. Баланы көтеріп алып қашқан. Анасы мен куәгерлер айғай салған. Ол баланы тастай салып, қашып кеткен. Ойын іске асыра алмады. Кейін полицейлер оны ұстады”, – деді Оралдың ІІБ бөліміндегілер.

Қазір ол уақытша ұстау абақтысына тоғытылып, оның үстінен “Адам ұрлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейіннен жергілікті басылым анықтағандай,

ол жігіт жетімдер үйінің түлегі болып шықты.

– Оның өз үйі жоқ. Бар-жоғы 25-те ғана. Оны жақсы жағынан мінездеп беретін достары да көп. Кішкентай кезінен доңғалақ жөндеп, нәпақасын тауып жүрді. Өз басында баспана жоқ, арасында біздікіне келіп тұрады. Иә, оның ішкілікке әуестігі бар. 3 жыл болды, салынып ішіп жүр. Арақты қоямын деп шешкен 3 күн бұрын. Содан соң осындай жағдай болып тұр ғой. Баланы ұрлағанда ол есін білмейді. Соңғы кездері құлағына бір дауыстар келіп жүргенін айтып еді. Әрине, мен оны ақтамаймын. Жағдайы қалай екенін түсіндіргенім ғой, – дейді ұсталған жігіттің туысқаны.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз