Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Open Eurasia-2017 өнер байқауында үш қазақстандық жүлдегер атанды

Швеция астанасы Стокгольмде Open Eurasia-2017 байқауы қорытындыланды. Ашық әдеби байқаудың «Иллюстрация», «Видеофильм», «Аударма» және «Әдеби шығарма» атты төрт санатында әлемнің 8 елінен барған 20 қатысушы жеңімпаз атанды.

Open Eurasian Literature Festival & Book Forum VI Халықаралық әдеби фестивалінің ашылу салтанатында жеңімпаздардың есімі жарияланды.

Сыйлық лауреаты Дәурен Қастеев «Иллюстрация» санатында ІІ-орынды алды.

«Әдеби шығарма» санатында «Поэзия» аталымы бойынша Қазақстанның тағы бір өкілі Ғалым Жайлыбай ІІІ-орын алса, «Проза» аталымындағы ІІІ-орынды Сәуле Досжан (Қазақстан) мен Верди Йосси (Ресей) өзара бөлісті.

2017 жылы «Ашық Еуразия-2017» байқауына әлемнің 37 елінен 1100-ден астам дарын иесі өз шығармаларын ұсынған. Бұрын Open Eurasian Literature Festival & Book Forum фестивалі аясындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қырғызстанда, Қазақстанда, Ұлыбританияда өткен болатын. OEBF фестивалі мен Open Eurasia байқауын Еуразия шығармашылық гильдиясы коммерциялық емес ұйымы мен Hertfordshire Press баспа үйі ұйымдастырып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз