Мұнай өндірісін төмендету туралы әлем елдерінің келісімі баға тұрғысынан пайдасыз болып шықты: келісімге қол қойылғаннан кейін Brent бағасы көтерілген жоқ. Бірақ уақыт өткен сайын оның мақсаты тек Ресейді нарықтан ысырып шығару екенін дәлелдейтін жайттар көбеюде.
Басқаша айтқанда, уағдаластық пайдасыз болды. Ол өзінің негізгі, (ұсыныстың қысқаруына байланысты мұнай бағасының өсуі), тіпті ең төменгі функциясын да (35$ деңгейінде сақтау) орындамады.
Мұнай бәрібір көп
Жалпы алғанда бұлай болатын бәрі білді. Goldman Sachs алғашқылардың бірі болып, нарықтағы жағдайды жақсарту үшін өндірісті 9,7 млн баррельге азайту керек деп мәлімдеді. Сонымен қатар, агенттік өндіруді қысқартуға келіскен елдер оны іс жүзінде жүзеге асыра ма деп алаңдады. Агенттіктің бағалауы бойынша, тәулігіне тек 4,3 млн баррельге қысқарған, яғни келісімшартта талап еткен көлемнен 55%-ға аз.
Халықаралық энергетикалық агенттік отқа май құйғандай болды. Олардың деректері бойынша, 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда, сұраныс үштен бір есеге төмендеді. Әлемдік сұраныс тәулігіне 29 млн баррельге төмендеді. Бұл 25 жыл бұрынғы деңгей.
Бұдан әрі сұраныс біраз қалпына келеді, бірақ әлі де төмен болады. Орта есеппен 2019 жылмен салыстырғанда мұнай қажеттілігі тәулігіне 9,3 млн баррельге қысқарады. Бұл Сауд Арабиясындағы барлық өндіріс көлеміне тең. Егер екінші жартыжылдықтың басында адамдардың қозғысына қатысты барлық кедергілер алынып тасталса, жағдай жақсаруы мүмкін. Әйтпесе, мұнайға деген сұраныс одан да төмен құлдырайды.
ХЭА тағы бір маңызды тұжырым жасады: «Тарихта алғаш рет бұл сала өз логистикасының физикалық шегіне жақындады». Агенттік әлемдік қоймалар мұнайға толып кетеді деген қауіптерді растады.
Жалпы алғанда, ОПЕК++ келісімі алдыңғы қатарлы елдерде мұнай өндірісінің көлемін қысқарту туралы ғана айтқанымен, баға бәсекелестігі мәселесін назардан тыс қалдырып отыр. Бұдан Сауд Арабия бір жағынан бағаны ұстап тұру туралы айтып, екінші жағынан күшті демпинг жасап жатыр.
Саудиттер еуропалық сатып алушыларға мұнайдың нарықтық бағасынан 6-8 доллар жеңілдік жасауда. Бірақ келісімге қол қойылғаннан кейін бірден жаңа шара қабылдағаны белгілі болды: ендігі жерде азиялық клиенттер де үлкен жеңілдікке ие болады. Мамыр айында Saudi Aramco «қара алтынды» бір барреліне 10 доллардан ұсынады, яғни оны нақты жағдайда 12-14 долларға сатып алуға болады.
Бәсекелестерді мүлдем жаншып тастау үшін Сауд Арабиясы өз клиенттеріне 90 күнге ақы төлеу мерзімін ұзартуды ұсынды. Мұнай нарығы үшін бұл бұрын-соңды болмаған жағдай, барлық қоймалар толып кетті.
Елдер қолдарындағы мұнайдан құтылу үшін оның ақысын бірден сұрамай, төлем уақытын кейінге қалдыруға да дайын
Екіншіден, бұл бәсекелестерге жасалған күшті соққы – барлық компаниялар Saudi Aramco ұсыныстарын қайталайй алмайды.
Бірақ ең қызығы: саудиттер Азия мен Еуропада демпинг жасағанымен, Солтүстік Америкада мұнайдың бағасын қымбаттатты. Мамырдан бастап АҚШ-та Сауд Арабиядан келетін мұнайы сортының барлық желісінің бағасы барреліне 2,5-4,2 долларға қымбаттайды.
Трамп үшін жағымды жаңалық. Әлем бойынша физикалық шикізаттың бағасы (нарықтық баға белгіленімі емес) қысқарып жатқанда, АҚШ-та олар бұрынғы деңгейде тұр. Бұл жергілікті мұнай саласына қолдау білдіруде аса маңызды жайт. Жай ғана сәйкестік деп қабылдауға бола ма? Бұған дейін Ақ үйдің басшысы Сауд Арабиясының басшысынан бағаны сланцевиктерге ыңғайлы деңгейде ұстап тұруын өтінген еді.
АҚШ әміршілігі қоймалардың толуы мәселесін де шешпек. АҚШ-тың энергетика министрлігі мұнай компанияларына өтемақы төлеу жоспарын дайындады. Олар нарықтағы мұнайдың керексіз бір бөлігін стратегиялық қорға айналдырмық. Алайда сақтау орындары көрсетілмеген, оларды жер қыртыстарына да құюы мүмкін. Басқаша айтқанда, АҚШ әкімшілігі, компанияларға мұнай үшін ақша төлегенімен, оны жер қойнауынан шығармайды. Бұл барлығына бірдей пайдалы:
Уақыт өте келе АҚШ пен Сауд Арабиясының мұнай нарығындағы қазіргі саясаттың негізгі мақсаты белгілі бола бастады. Яғни, олар Ресейден нарықтан ығыстырып шығарғысы келеді.
Мәселен, бұл елдер жұмысы тоқтатылған ұңғымаларды іске қоса алады. Ресей кеңестік кезден келе жатқан кен орындарының бір бөлігінен айырылып қалуы мүмкін. Себебі мұндағы мұнай өндіру технологиясы ұңғыманы консервациялаған жағдайда оны қайта іске қоса алмайды. Мәселені жаңа технологияларды пайдаланып шешуге болар еді, бірақ Ресей компанияларына қатысты қолданылған санкциялар шетелдік ноу-хауларды пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Саудиттер тарапынан қолданылған демпинг ресейлік мұнайдың бағасын мәжбүрлі түрде арзандатып отыр. Мәселен, 14 сәуір күні Urals ресейлік мұнай сорты Солтүстік-Батыс Европада бір барреліне $3,59 — $16,71 аралығында арзандады. Бұл 1 сәуірдегі жағдаймен салыстырғанда жоғарырақ (ол кезде ресейлік мұнайлы 10,5 доллардан ұсынған) болғанмен, жағдай бәрібір қиын. Ресейлік мұнайшылардың табысы төмендеп кетті, олар Таяу Шығыстың ұсынысымен бәсекелесе алмайды.
Салаға қолдау көрсету үшін Ресейдің Қаржы министрлігі экпорттық баж салығын бір барреліне 52-ден 8 долларға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Кейбір сұраптар үшін баж салығы бір тоннаға 1 доллларға дейін төмендетті. Мөлдір мұнай өнімдеріне салынатын салық 8 есеге, қара өнімдерге 7,7 есеге, жанармайға – 8 есеге төмендетілді.
Ал бұл бюджет үшін елеулі соққы. Сарапшылардың есептеуінше, бюджеттің базалық шикізат түсімі 25%-ға төмендейді. Бұл төмендеудің орнын наурыз айының басында болған рубльдің әлсіреуі де жаба алмайды. Ал, жылдың басында саясаткерлердің барлығы (Владимир Путиннен бастап, министрлер мен мұнай компанияларының басшыларына дейін) Ресей әлемдегі ең күшті мемлекет және ол төмен бағаға дайын, бұл үшін ақша қоры да, техникалық мүмкіндіктері де бар деп мәлімдеген еді.
Олар мұнайдың бағасы 40 доллар деңгейінде сақталып қалады деп сенген еді. Олар барлық пайданы резервтік қорға жіберіп, билік оған қол тигізбейміз деп шешкен. Бағаның түсуі саудиттердің өзіне де тиімсіз, олар «қара алтынға» көбірек тәуелді деп есептеді. Бірақ қазіргі жағдайға қарап, Ресей бұл раундта да жеңілетінін көріп отырмыз.