Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Оны Моцарт дейміз”. Шетелдік әншілер мына қазаққа жаппай ән жаздыртып жатыр

188

Кристоф Таггатц, Verlag Neue Musik баспасының шеф-редакторы:

– Каталогтан Британия, Қытай, Италия композиторларының шығармаларын табуға болады. Енді олардың қатарында қазақстандық өнер иесінің де туындысы бар. Біз оның музыкасынан ерекше құдіретті байқадық. Сазы жүрекке жетті. Сол үшін келісім жасадық.

Шетелдіктер Рахат-би Әбдісағынды қазақтың Моцарты деп атайды. Ол көпшілікті таңғалдырудан жалыққан емес. 18 жасында магистратураны тәмәмдаған. Осы уақыт ішінде 100-ге жуық шығарма жазды.

Оның туындылары Еуропаның көптеген сахнасында шырқалды.

Рахат-Би Әбдісағын, композитор:

– Музыканың тілі жоқ. Неміс баспасының шығармаларымды жариялауының сыры осында деп білемін. Арманым –Қазақстанды әлемге таныту. Бүгінде қазақ шығармалары көп елдің сахнасында шырқалып жүр. Бізге осындай жағдай жасаған Елбасыға алғысымды білдіремін.

https://kaz.365info.kz/syjip-kozin-khysty-dimashtyn-seksi-bii-zhankyjerlerinin-delebesin-khozdyrdy-video-269631

Райнберт Эверс қазақстандық композитордың өнеріне жоғары баға берді. Мюнстер университетінің профессоры, гитарист «Тень Альгамбры» композициясын ойнады. Бұл туындыны Рахат-би Райнберттің тапсырысы бойынша жазып шыққан.

Райнберт Эверс, Мюнстер университетінің профессоры:

– Бір кездері Рахат-биге маған арнап шығарма жазып берші деп қолқа салдым. Өтінішімді жерге тастамады. Енді соны орындап шықтым. Өте керемет. Рахат әр нотаны жүрегімен сезеді. Ол – талантты, дарынды композитор.

Қазақ композиторының шығармалары Берлин тұрғындарын да бейжай қалдырмады. Екі ел ынтымақтастығының 25 жылдығына арналған концертке жиналғандар композитор туындыларын ұйып тыңдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз