Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Оны қойшы…”. Шымкенттегі байдың тойын ұйымдастырушы көргенін айтты

287

“Негізі, ел торттың бағасына қарап көтеріліп кетті ғой.

Бірақ оның бағасын мен атамадым, жазбадым да. Менің ойымша, бұл торттың бағасы әрі кеткенде 30 мың доллар болатын шығар.

https://kaz.365info.kz/bir-paterdin-khyny-2-tonnalykh-tort-kimnin-tojynda-tartu-etilgeni-belgili-boldy-297747

Ол тойды жасаған жігіттің әкесі-шешесі, ата-әжесі де еліміздегі атақты адамдардың бірі. Жағдайлары бар, күреп табыс тауып жатыр. Олар осындай той жасамаса тағы қандай той жасауы керек? Үйленіп жатқан немерелері.

Қайта бұл той көптің көзіне түсіп қалғаны ғой. Әйтпесе одан да асып түсетін аста-төк тойлар болады. Көріп жүрміз ғой.

Бір тойда шашуға гауһар тастар шашты.

Енді оның шын-өтірігін білмеймін. Шын секілді, негізі. Бірақ, бір қызығы, шашылған гауһар тастар сол арада жайылған қалың кілем ішіне сүңгіп жоқ болды. Оны кім, сипалап жинап жүреді? Артынан даяшылардың тойдан соң теріп отырғандарын көрдімә – дейді ол.

Сондай-ақ Жан Мұқанов сол тойдың иелері үшін қатты уайымдағанын да айтты.

“Тағы бір тойда қалыңдық пен күйеужігіт төбелесті. Қалыңдық туфлиін шешіп, жігітке лақтырғанда оның үшкірі маңдайына қадалды. Сол арада ажырасты ғой екеуі. Фиктивный да тойлар болады. Олардың бәрін ашып айта алмайсың. Көріп тұрсыз ғой, көре алмайды. Бір торт үшін қанша сөз болды? Сол тойдың иелері үшін қатты уайымдадым. Бір торт үшін қаншама сөз естіді? Бірақ соңғы кездері мықты, әдемі қып ұйымдастыратын осындай тойлар азайды” – дейді продюсер.

https://kaz.365info.kz/khajdagyny-ajtpanyz-eldi-shulatkhan-tortty-pisirushi-konditer-khatty-ashuly-297907

Еске сала кетелік, бір апта бұрын әлеуметтік желіде Шымкенттің бір тойында 2 тонналық алып торт тарту етіліп, елдің таңданысын туғызған еді. Торттың өзі сарай боп соғылған, ішінде шамдар жарқырап, оған қалыңдық пен күйеу жігіт жеделсатымен көтеріледі. Мұндай ерекше тортты жасауға ресейлік кондитер үш тәулігін жұмсағанын айтқан. Ал бағасы БАҚ беттерінде 60 мыңнан 160 мың доллар аралығында түрлі санмен көрсетіліп берілді. Бағасы жаға ұстатып, ел шулап кеткен соң ресейлік кондитер оны той иелеріне тегін сыйлағанын мәлімдеп еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз