Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Оңтүстік Кореяда оқитын қазақ жігіті еліміздің даңқын асқақтатып жүр

Бағдарламадан үзінді:

Жүргізуші: Қазақстанның қай жерде екенін көбі біле бермейді.

Дастан: Иә, шынымен, кейбірі білмейді. Қазақстан – жер көлемінің үлкендігіне байланысты әлемде тоғызыншы орында. Ол Еуропа мен Азияның түйісінде орналасқан. Қазақ сөзі ерікті, тәуелсіз адам деген мағынаны білдіреді.

Жақында Дастан Пхенчханда өтетін олимпиадалық және паралимпиялық ойындарға Қазақстан елшісі ретінде қатысады. Оның міндеті – Олимпиада қонақтарына корей тілінде Корея туралы айтып беру және қазақстандықтарға Корея мәдениеті туралы қазақ, орыс тілдерінде ақпарат беру.

– Мен Қазақстанда ғарыш алаңы бар екенін және оның ашық ғарышқа ұшу үшін тиімді әрі қолайлы жер екендігі туралы алғаш рет Дастаннан естідім. Мұндай деректерді корейліктер білмейді. Қазақстанның тұрмысы мен салт-дәстүрі жөнінде біз телеарнада бірқатар бағдарламалар дайындап жүрміз. Елінің беделін айқындап беруде Дастанға үлкен жауапкершілік артып отырмыз, – деді телепродюсер Ли Сын Тхэк.

– Мен өзімді Кореяда актер ретінде, жүргізуші ретінде сынап көргім келеді. Жергілікті халыққа Қазақстан туралы айтқым келеді. Сонымен қатар, арманымдағы жұмысымды тауып, Қазақстан мен Кореяны өзара байланыстыратын өзімнің кәсібімді ашқым келеді, – дейді Пхенчханда өтетін Олимпиададағы Қазақстан елшісі Дастан Валиулин.

Қазақстанға келу бақыты бұйырған оңтүстік кореялықтар біздің елді «сұлу адамдар елі» деп атайды екен. Сұлу қазақ қызының бет-бейнесін волейболшы Сабина Алтынбекова қалыптастырса, әдемі жігіттің бейнесін студент Дастан Валиулин қалыптастырып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз